Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

145 реткөрсетілді

XXIX Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2019 жылдың 2-12 наурызы аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетіні белгілі. 20 қыркүйекте Италияның Турин қаласында айтулы жарыстың алауы тұтанған болатын.

Турин университетінің аумағында өткен рәсімге Халықаралық студенттер спортының президенті (FISU) Олег Матыцин мен Турин қаласының мэрі Кьяра Аппендино бастаған бір топ лауазым иелері және де осы саланың басы-қасында жүрген азаматтар қатысты. Міне, сол салтанатты шара бүгін Алатау бөктерінде өз жалғасын тапты. Алқызыл алауды ұстаушылар Алматыдағы Абай даңғылының бойымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан бастап, Республика сарайына дейін жүгіріп өтті. Олардың қатарында FISU президенті Олег Матыцин, отандық студенттік спорт одағының басшысы Кайрат Закирьянов, боксшы Қанат Ислам, футзалшы Дінмұхамбет Сүлейменов, биатлоншы Василий Подкорытов және басқа да  танымал спорт қайраткерлері, Жоғары оқу орындарының ректорлары, белгілі спортшылар болды.   

Енді арада екі күн өткеннен соң салтанатты шеру Қытайдың Харбин қаласында жалғасады. Ал 29 қыркүйекте алау Ресейге жеткізіледі. Сол күннен бастап, келесі жылдың 1 наурызына дейін жалғасатын алау эстафетасы аталмыш елдің 30 қаласын аралап, ақырында XXIX Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының астанасы – Красноярскіні бетке алады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Кеше

ҰБТ тапсырушыларға кеңес (видео)

Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

Футбол • 18 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар