Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018

142 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

192 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру тәжірибесінен креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға көшу, қажетті ақпаратты таба білу, оны ұтымды пайдалану ғаламдық дамудың маңызды мегатренді болып саналады» деген сөзінің мәніне тоқталды. Қарқынды  технологиялық даму жағдайында мамандар өз кәсібін өзгертуге, сондай-ақ білімдерін өмір бойы жаңартып отыруға дайын болуы керек.

– Бүгінде «Болашақ» стипендиясы осындай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың табысты платформасына айналып отыр, – деді Мемлекеттік хатшы.

2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінді.   

Комиссия жұмысының барысында «Болашақ» стипендиясы тағайындалатын үміткерлердің тізімі, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарына, ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберілетін болады.

Басқосу қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Ұқсас жаңалықтар