Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2018

«Асан» фильмінің актері «Байқоңырда» үздік атанды

120 реткөрсетілді

Берік Жахановтың қысқаметрлі «Асан» фильмінің актері Алматыда қыркүйектің 20 мен 23 аралығында өткен III Baikonyr Short Film Festival ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін аталымында жеңіске жетті.

Барлығы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жеті фильмі қатысқан. Үздіктер қатарынан табылған «Асан» фильмінен басқа конкурсқа Венера Қайыржанованың «Тығылмақ», Әділ Мұсатаевтың «Хат», Ален Рахметалиевтің «Соңғы мұғалімі» көркем фильмдер бағдарламасында, ал деректі фильмдер бағдарламасында Қайша Рахымованың «Наири», Камила Әбділдинова мен Камила Бердімұратованың «Өйткені сүйемін» және Евгений Лумповтың «Түстер үйлесімі» қатысқан. Аталған фильмдердің барлығы дерлік ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Берік Жахановтың «Асан» фильмі әкесінің жерлеуіне қатысу үшін жолға шыққан бозбала туралы баяндайды. фильмнің бас кейіпкерін сомдаған актер Азат Жұмаділ «Байқоңырдың» призіне лайық деп танылған. Бұған дейін аталған фильм 71- ші Халықаралық Канн кинофестивалінің  Short  Film  Corner аясында көрсетілгенін естеріңізге сала кетейік.

«Мен «Қазақфильм» киностудиясына алғыс айта отырып, бүкіл түсірілім тобын осы жеңісімізбен құттықтаймын», - деп қуанышын режиссер Берік Жаханов жеткізді.

Фестиваль «Қазақфильмнің» тағы бір қысқаметрлі фильмі, Дәрежан Өмірбаев түсірген «Шілденің» арнайы көрсетілімімен ашылды. Көрсетілім фильмінің отыз жылдық мерейтойына орай өтті.  Baikonyr Short Film Festival бас серіктесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы  қоры, Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinemas. III Baikonyr SFF қатысушылары үш категория бойынша бақ сынасты. Барлығы:  27 көркем картина, 11 анимациялық фильм, 9 деректі туынды қатысқан.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар