Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2018

Мұхамеджан Тынышбаев пен Тұрар Рысқұловтың ескерткіші ашылды

333 реткөрсетілді

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бастама ретінде көтерген, бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысындағы Түлкібас темір жол станциясында қоғам қайраткерлері М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды.

Қазақтан шыққан тұңғыш инженер М.Тынышбаев  темір жол құрылысын салу кезінде Түлкібас жерінде Т.Рысқұловпен кездескен. Деректерге жүгінсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады. Теміржолшы ретінде ол бұл жобаға тәжірибелі инженер және жергілікті жердің ой-шұңқырын, ерекшеліктерін жақсы білетін маман ретінде тартылған.

Қос тұлғаға демеушілер көмегімен ескерткіш орнатылып, құрмет көрсетілді, бүгінгі ұрпақ осылайша өз асылын бағалайтынын білдірді. Алаш перзенті Тұрар Рысқұловтың Түркістан-Сібір темір жолын салдырудағы еңбегі ерен.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Орта Азиядағы маңызы зор темір жол — ТүркСібті салуға қатысқан қазақтың алғашқы инженер-теміржолшысы М.Тынышбаев атындағы қоғамдық қордың төрайымы Нұршәкен Жүнісова сөз сөйлеп, ауданда атқарылған игі істің маңызы мен бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиелік мәніне тоқталды.

Сондай-ақ, ауданның 90 жылдық мерейтойына келген қонақтар ел мүддесін жанқиярлықпен қорғаған алып тұлғаны құрметтей отырып, аудан орталығында жаңадан қойылған Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне тағзым етті. Көпшілік алыстан ат арытып, тәу ете келетін жер, аудандық бюджеттен 41 млн теңге бөлініп, жаңартылған «Түркібасы әулие» кесенесімен  танысты.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Ұқсас жаңалықтар