Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Атырау қаласының әкімі кәсіпкерлерді туған қаланың дамуына үлес қосуға шақырды

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлимұхаммед Құттұмұратұлы бизнес орталығының өкілдеріне облыс орталығында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласының әкімі кәсіпкерлерді туған қаланың дамуына үлес қосуға шақырды

Атырауда қала әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Іс-шара «сұрақ-жауап» форматында өтті, оған облыс орталығындағы 200 кәсіпкер қатысты.

Атырау қаласының әкіміне 20-ға жуық сұрақ қойылды, олардың басым бөлігі кәсіпкерлік нысандарын салуға жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым өткізу, монополистерге қатысты мәселелерді шешу болды.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы кәсіпкерлерге Атырау қаласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосуды өтінді.

-Бүгінгі таңда қала 150 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыруда. Барлық жобалар қала үшін өте маңызды. Жергілікті бюджеттен оларды жүзеге асыру үшін қаражат жетіспейтінін түсінеміз, сондықтан кәсіпкерлерді қаланың дамуына үлес қосуға және қаланы жақсартуға көмектесуге шақырамыз.

Мысалы, өткен жылы кәсіпкерлер көптеген спорт алаңдарын салған. Ақтөбенің кәсіпкерлері 1 млрд. теңгеден астам сомаға нысандар салған. Құлсары қаласында жергілікті кәсіпкер  800 миллион теңгеге балабақша салып, оны қалаға сыйға берді. Биыл бизнестің өкілдері біздің Атырауды жақсартуға көмектескенін қалаймын, - деп Әлімұхаммед Құттұмұратұлы кәсіпкерлерге өтініш білдірді.

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлер  елімізде көптеген жүзеге асып жатқан бағдарламаларға демеуші  мен қайырымдылық көмекші болып белсенді қатыса алады -  "Туған жерге тағзым", «Жомарт жүрек» жобаларының маңызы зор. Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында қаланың дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік бар.

- Сіздердің әрқайсыңыздың бизнес-құрылымдарыңыз бар, егер сіз оларды өсіріп, ағаштар отырғызсаңыз, оларға қамқорлық жасасаңыз, бұл қаланың дамуы мен гүлденуіне баға жетпес үлес болады.

Ия, біз айыппұл сала аламыз, бірақ  сіздің санаңызға үміт артып, мұны істегіміз келмейді. Өз тарапымыздан   көмектесуге дайынбыз, - деді қала әкімі кәсіпкерлерге.

Әлимұхаммед Құттымұратұлының айтуынша, 2019 жылы облыс орталығында 100 тұрғын үйді жабдықтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жаңа жобаның тұжырымдамасы әзірленуде, оны жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер белсенді қатыса алады.