Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Тараздық сәнгердің «Көктем-жаз – 2019» коллекциясы Миланда көрсетілді

667 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тараздық сәнгер Айдархан Қалиев әлемнің бірқатар мемлекетінде өзінің коллекцияларын көрсету арқылы халықаралық деңгейде танылды. Жуырда еліміздің атынан алғаш рет қатысқан белгілі сәнгердің «Көктем-жаз – 2019» атты маусымдық коллекциясы Италияның Милан қаласында өтіп жатқан «Milan Fashion Week» сән апталығының ресми бағдарламасында көрсетілді.

Тараздық сәнгердің «Көктем-жаз – 2019» коллекциясы Миланда көрсетілді

Тараз қаласы туралы айтыл­­­­­­ғанда, әуелі әйгілі шы­ғыс ақындарының ежелгі Тараз аруларына арнаған ғазал­дары ойға оралады. Шайыр­лардың жүрегін тербеген арулар туралы аңыз Тараз топырағында әлі күнге дейін айтылады. Сол себептен де Айдархан Қалиев өз көрсетілімін «Тараз періш­те­­лері» деп атапты. Мұнда шы­­ғарма­шылық көрсетілімнің сим­­волы періште болып бел­гілен­ген. «Шығыс сұлу­лары­ның құпияға толы кел­беті мен бей­несі періш­тені еске салмай қой­майды», дейді сәнгердің өзі. 

Негізінен Миланда көрсе­тілген сән үлгілері шы­ғыс­­тық стильде дайын­далған. Со­нымен қатар сәнгер қол­өнер шеберлері безен­дір­ген жыл­тыр маталарды пай­даланған. Жалпы, шы­ғыс ұғымында қыз баласы нәзіктік пен пәк­тіктің символы ретінде бейнеленсе, әйел бей­несі асыл жар, аяулы ананың символы іспеттес. Сон­дықтан да сән­гер сән үлгілеріне ақ түсті қол­данған. 

Бүгінде үлкен жетістікке жеткен Айдархан Қалиевтің коллекциялары биылғы жыл­ғы 8-11 қазан аралығында тұң­­ғыш рет Тараз қаласында өтетін «Taraz – Aspara fashion week» сән апта­лығы­ның ашы­лу салтанатында көпші­лік­тің наза­рына ұсы­нылады. Кезінде Ұлы Жібек жолы­ның орталығы бол­ған Тараз қаласында өтетін сән апта­лығына Италия, Үндістан, Гол­лан­дия, Ресей, Қытай, Фран­ция сияқ­ты 18 мем­лекет­­тен қонақтар келеді. Соны­мен қатар құр­мет­ті қо­нақ­­тар қатарында Қа­зақ­­стан Рес­пуб­ликасының Мем­лекеттік хатшысы Гүл­­шара Әбдіқалықова мен Өзбек­стан Республ­икасы Премьер-ми­нис­трінің орынбаса­ры, Әйел­дер комитетінің төр­айы­мы Танзила Нарбаева да бола­ды деп жоспарланып отыр. 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы