Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Астананың бітімгершілік рөлі арта береді - Эдуардо Рамос-Гомез

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қа­зақстанның жанкүйері ретінде мені Жол­даудың басымдықтары қарапайым халыққа бағытталғаны айрықша қуантады.

Астананың бітімгершілік рөлі арта береді - Эдуардо Рамос-Гомез

Ең алдымен, Қазақстанның әр аза­ма­тының мүддесіне мән берілгені ерек­ше әсер еткенін айтқым келеді. Өзде­ріңіз білетіндей, елдің ұлылығы оның халқының ұлылығында жатыр. Жеке дамуға назардың дәл осылай бағыт­талуы Қазақстан Республикасы бас­шы­лығының бұл фактіні жақсы түсіне­­­тінін көрсетеді. Егер болашақ ұрпақтың одан әрі дамуына негіз болмаса, прогресс те болмас еді. Халықтың денсаулығына,білім алуына, бақытты өмір сүруіне мән берілуі – елдеріңіздің үздіксіз дамуына салынған маңызды инвестиция.

Екіншіден, әрбір азаматқа назар аударумен ғана шектелмей, азаматтар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасты нығайту да қамтылған. Ашықтық пен жұмылу демократиялық қоғамда шешуші рөл атқарады. Бұл үздіксіз басқару кепілдігін ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың өз мүдделерінің үкіметте көзделетінін, өз пікірінің ескерілетінін біліп, ең бастысы үкіметке сенім артуын қамтамасыз етеді. Осылайша, әрбір адам ұлт дамуы жолындағы бірлескен істің маңыздылығын сезінеді.

Атап айтатын тағы бір маңызды мә­селе, менің ойымша Президент­­тері­ңіздің заң үстемдігін нығайтуға деген ниеті. Ел Үкіметінің азаматтардың ғана емес, Қазақстанмен әріптестік орнатқысы келетін, қазірдің өзінде әріптес шетелдік инвесторлар тарапынан да сенімге ие болуы үшін қуатты, тәуелсіз әрі ашық институттар қажет. Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қарқынды күрес осы се­німділікті нығайтуда үлкен маңызға ие. 

Сондай-ақ мен Қазақстанның жаһандық саясаттағы рөліне екпін берудің маңыздылығын атап айтқым келеді. Президенттеріңіздің Қазақстанды әлемдік саясатта Ресей, Қытай және Таяу Шығыс арасындағы стратегиялық тұрғыда орналасқан жылдам дамушы, бейбітсүйгіш ел ретінде ілгерілетуі үлкен үміт береді. Бүгінде әлемдік қоғамдастыққа бейбітшілікке ұмтылған серіктестер керек. Елдеріңіздің дамуы­мен бірге Қазақстанның серіктес, бітімгер және әлемнің промоутері ретіндегі рөлінің маңыздылығы да өсе беретін болады. Сонымен бірге Қазақстан өзімен көрші елдерден, АҚШ пен Еуропадан басқа, АСЕАН (Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы) құрылымында да ынтымақтасуға дайын серіктестері бар екенін де есте ұстағаны жөн.

Менің ойымша, Қазақстан бай мәдениеті мен ресурстарын жұмсақ күшімен ұштастыра отырып, қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалану арқылы туризмді насихаттауда үлкен жұмыс істеуге тиіс. Мен бұл аймаққа үлесімді қоссам деймін.

Соңында, Қазақстанның жақтасы, көптен бергі жанкүйері ретінде осынау тамаша елдеріңіздің дамуына мен де елеулі үлес қосамын деп үміттенетінімді жеткізгім келеді. Президенттеріңіздің осы маңызды Жолдауында айтқан мақсаттардың 2050 жылдан да ертерек орындаларына күмәнім жоқ.

Эдуардо РАМОС-ГОМЕЗ,

«Duane Morris and Selvam LLP» заң компаниясының әріптесі (Сингапур)