Аймақтар • 12 Қазан, 2018

Қостанайда инвестициялық форум басталды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті: артықшылықтар, жаңа мүмкіндіктер, тәсілдер» атты инвестициялық форум басталды. Оған тиісті министрліктер басшылары, шет елдік, отандық инвесторлар, кәсіпорын жетекшілері барлығы бір мыңға жуық адам катысуда.

Қостанайда инвестициялық форум басталды

Форумда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың инвестициялық әлеуеті, жузеге асып жатқан жобалар жөнінде айтып берді. Сонымен қатар инвесторларды облыста жаңа жобалар ашуға, әріптес болуға шакырды.

«Инвестициялық климатты жақсарту, инвесторлармен ашық диалог құру, инвестиция тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру Қостанай облысы әкімдігінің қызметінде басымдық берілген» - деді Архимед Мұхамбетов.

Форум аясында сомасы 251 млрд тенгеге тең 19 меморандумға қол қойылатыны белгілі болып отыр. Форум әлі де жалғасуда.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай