Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018

Санаға серпіліс қажет

103 реткөрсетілді

Тәуелсіздік алғалы еліміздегі ішкі, сыртқы саясатқа қатысты негізгі мә­се­лелерді жолға қоюға, мемлекет­тілік­ті орнықтырып, ұдайы даму жолы­на түсуге, даму динамикасын тұрақ­тан­дыруға жиырма жеті жылда, әрине аз қай­рат жұмсалған жоқ. Атқарылған істер­дің нәтижелі болғанын санамызға сер­пі­ліс берген жаңа елордамыз – Ас­та­нан­ың өсуі мен гүлденуіне, адам­дар­­дың өмір сүру ұзақтығының 72,5 жасқа жеткеніне, ЭКСПО-2017 көр­месі секілді әлем елдерінің назарын аудар­ған үлкен шараларды өз елі­мізде өткізе ал­ғанымызға, ірі қала­лары­мыз­ды Еура­зия өңірінің қаржылық, іс­кер­лік, инно­вациялық және мәдени орт­а­лығына айналдыра білгенімізге, мем­лекет­тердің даму көрсеткіші жағынан Орта­лық Азия бойынша көш бастап келе жат­қанымызға қарап та айтуға болады. 

2050 жылға қарай әлемдегі озық да­мыған 30 елдің қатарына қосылу стра­­те­гиялық мақсатымызға айналды. Ал елдің даму көрсеткіші, әрине, халық­­тың тұрмысы, әл-ауқаты жақсар­ғаны­мен өлшенсе керек. Демек, жаңа Жол­дауын Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баевтың халықтың әл-ауқатын өсіру, табысты молайтып, тұрмыс сапасын арттыру мәселесіне арнағаны заңды еді.
Бұл орайда Елбасы Жолдаудың «өмір сүруге жайлы орта қалыптас­тыру» де­ген бөлімінде: «Жайлылық дегені­міз ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетім­ді­лігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіз­дігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қо­лай­лы елді мекеннің және сапалы инф­ра­құ­ры­лымның болуы» деп атап көрсетті.

Азаматтарды тұрғын үймен қамта­ма­сыз ету мәселесі соңғы он бес жыл­да ұдайы назарға алынып келеді. 2014 жылдан бері еліміздің инфрақұрылымын жақ­сартатын «Нұрлы жол» кешенді бағ­дар­ламасы қолға алынса, бертінде тұр­ғын үй құрылысына зор серпін берген «Нұрлы жер» бағдарламасы табыс­ты іске асырылуда. Қазіргі таңда тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арт­ты­­ратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағ­дар­ламасы да жүзеге асы­рыла баста­ды. Президент бұл орай­да, әкім­дерге жер­­гілікті бюджет есебі­нен жеңіл­де­тіл­­ген ипотека бойынша алғашқы жар­на­ны ішінара субсидиялауды тапсырыпты. 

Рас, қазір бұл бағдарламаға қатысты әртүрлі пікірлер, ұсыныстар айтылуда. Соның бірінде мемлекеттік бағ­дар­ламамен пәтер алған көпбалалы отбасылардың үйін кеңейтуіне мүм­кіндік беру, мемлекеттік бағдарла­мамен үй алғаннан кейін отбасында сәби дүниеге келіп, бала саны артып жатса, қосымша жеңілдіктер жасау туралы айтылды. Оны қарау, әрине, сала мамандарының еншісінде. 

Қалай болғанда да, еліміздің барлық ай­мақтары бойынша дәрігерлер, поли­цей­лер, мұғалімдер, қысқасы әлеу­меттік сала қызметкерлері аталған бағдарламаның арқасында баспанаға қол жеткізетін болады. Инженерлік инфрақұрылыммен қоса алғанда мемлекет алдағы бес жылда 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматқа қолдау көрсеткелі отыр. 

Елбасы Жолдауында тоқталған тағы бір өзекті мәселе – еліміздің аумақ­тық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету. 
Статистика бойынша, қазіргі күні Астана мен Алматы еліміздегі ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамын қам­тамасыз етіп отыр. Елбасымыз айт­қандай, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы қалаларда түзілетіні рас. Демек әлемдік үрдістен қалыс қалмай келе жатқан елімізде халықтың жаппай қалаға көшуін, яғни жедел қарқынмен жүріп жатқан қалалану про­цесін тиімді пайдалануға болады. Бұл орайда, Президент 2019 жыл­дың 1 қыркүйегіне дейін еліміздің бас­қарылатын урбанизациясының картасына айналатын 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын әзірлеуді тапсырды. Мұнда зиялы тұлғалар, елдің ақса­қалдары айтып жүргендей, ауылдағы елді қалаға әкеліп, «өз күніңді өзің көр» деп қоя салмай, қарапайым халыққа жайлы өмір қалыптастыру үшін инфра­құрылымды дамыту, коммуналды және тұрғын үй құрылысындағы мін­дет­терді шешу парыз. Елбасының ауыл­дардан бастап республикалық маңы­зы бар қалаларға дейінгі түрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуді тапсырғаны да сондықтан. 

Адам ресурсын дамыту, оларды мемлекет игілігіне пайдалану, әр­бір азаматтың өз арман-мақсатына же­те отырып, елдің де дамуына, гүл­денуі­не үлес қосуына мүмкіндік туды­ра білу – тиімді басқарудың бір­ден бір көр­сет­кіші болар еді. Бұл орай­да, сөз жоқ, ай­мақтық басқару орган­дары­ның жетек­ші­леріне серпіліс қажет. Жергілікті басқару органдары жаңа мектептер, ауруханалар, балабақшалар салуға өздігінен жол іздеп, инвес­торлар тартуы керектігін айтқан Ел­басы лауазымды қызметке ие әрбір азаматқа, әкімдерге ескі тә­сіл­ге сүйене бермей жаңашыл болу керектігін, іздену қажеттігін меңзепті. 

Қорыта айтқанда, жаңа Жол­дауда көңілге медеу болатын жақсы жетістіктеріміз де айтылды. Бұл тұрғыда біз осы бір мазмұн­ды құжаттың оқырманы, тұты­ну­шысы ғана емес, ондағы басым­дықтарды жүзеге асырушы бола алсақ, нұр үстіне нұр. 

Айзада ҚҰРМАНОВА,

Мәжіліс депутаты

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар