31 Желтоқсан, 2011

Тамыры терең «Бәйтерек»

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Есігімізден енді ғана аттап басқалы отырған 2012 жыл Қараған­дының балғын балдыр­ғандарына өзімен бірге үлкен сыйын ала келді.

Елбасымыз Нұрсұл­тан Назарбаев өзінің Қа­зақстан хал­қы­на Жол­дауында білім сапа­сын арттыруды ең басты мәсе­ле­лердің қатарына қояды. Жаңа жыл қарсаңында «Балапан» бағ­дарламасы бойынша қала­мыз­дың «Астана» шағын ауда­нында жаңа «Бәйтерек» бала­бақ­шасы бой көтерді.

Жаңа жылдан бастап жас бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алатын жаңа балабақша 320 орын­ға ар­налған. Тағы да қосым­ша 160 орын қа­расты­рылған. Оқыту мен тәр­биелеу қазақ тіліндегі бұл бала­бақ­шада 16 топ жұмыс істейтін болады. Жаңа бала­бақ­шаның аумағы 3887 шаршы метрді алып жатыр. Бұл үш қабаттан тұратын ғимарат заман талабына сай, бірегей жоба бойынша, стандарттар мен өрт қауіпсіздігіне сай тұрғызылған. Балабақша баланы оқыту мен тәрбиелеуге қажетті заманауи жаб­дықтармен жаб­дықталған. Мұн­да балалардың шы­ғарма­шы­лық мүмкіншілік­терін да­мы­туға арналған ән-күй залы, дене шынықтыру залы, ден­сау­лық сақтайтын техноло­гия­лармен жабдықталған логопедтік топтар, медициналық және асхана блогы жұмыс жа­сайды. Топтағы бөлмелер қазіргі за­манға сай, жатын бөлме шеттетіліп орналасқан. Балабақша ба­лаларды тәрбиелеу мен оқы­туға қажетті жақсы материал­дық базамен қамтамасыз етілген.

Бояуы кеппеген «Бәй­терек» балабақшасының меңгерушісі Рашида Те­бай балабақшаға ба­ла­ларды қабылдап ал­ған­дағы ең негізгі мақ­сатымыз – бала­бақшаға барам деген балалар­ды тұлға ретінде қабыл­дап, тұлға ретінде тәр­биелеп шы­ғару деп атап көрсетті.

Сөз соңында, Тәуелсіз Қа­зақ­станның 20 жылдық мерей­тойы­мен тұспа-тұс ашылып жатқан, еліміздің келешек ұр­па­ғына тәлім-тәрбие беріп, ал­ғашқы білім нәрімен сусын­да­та­тын осындай ана тілді ба­лабақшалар саны арта берсін, Астана қаласын­дағы халқы­мыз­дың символына ай­налған – «Бәйтеректің» жапыра­ғындай жайқалған «Бәйтерек» бала­бақшасы ұшқыр ұландарды ұшыра берсін демекпін.

Ақыл ШАЙМҰРАТОВА.

Қарағанды.