31 Желтоқсан, 2011

Тең жағдайда және бірдей мөлшерде

382 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Кеше Ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ТМД-дан байқаушылар миссияларының, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ-нің өкілдері, сондай-ақ ЖСДП мен «Әділет» демократиялық партиясынан байқаушылар қатысты.

Кеңес мүшелері Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп өткізетін БАҚ мониторингінің аралық қорытындыларын талқы­лады. Бұл туралы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Байланыс және ақ­па­рат вице-министрі Ләззат Таныс­бай баяндады. Оның хабардар етуінше, мониторинг 53 баспа ба­сылымдарын, 13 республикалық телеарналар мен 5 радио­арна­лар­ды қамтиды. Мониторинг мәлі­мет­теріне сәйкес 2011 жылғы 16-28 желтоқсан аралығындағы ке­зең­де баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ЖСДП туралы 40 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тар­да), «Ақ жол» ҚДП туралы 37 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 21 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Әділет» ДП туралы 34 материал (оның ішінде 16 материал мемлекеттік және 18 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Ауыл» ҚСДП туралы 30 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 15 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚКХП туралы 36 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 22 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), «Нұр Отан» ХДП туралы 47 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 32 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда), ҚПП туралы 27 материал (оның ішінде 14 материал мемлекеттік және 13 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) және «Руханият» партиясы туралы 39 материал (оның ішінде 15 материал мемлекеттік және 24 материал мемлекеттік емес БАҚ-тарда) шыққан.

Ал телевизиялық арналарда аталған кезеңде эфирге ЖСДП туралы 81 материал (оның ішінде 43 материал мемлекеттік және 38 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Ақ жол» ҚДП туралы 96 материал (оның ішінде 51 материал мемлекеттік және 45 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Әділет» ДП туралы 89 (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 39 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Ауыл» ҚСДП туралы 66 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 20 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚКХП туралы 98 материал (оның ішінде 48 материал мемлекеттік және 50 материал мемлекеттік емес телеарналарда), «Нұр Отан» ХДП туралы 98 материал (оның ішінде 40 материал мемлекеттік және 58 материал мемлекеттік емес телеарналарда), ҚПП туралы 72 материал (оның ішінде 46 материал мемлекеттік және 26 материал мемлекеттік емес телеарналарда) және «Руханият» партиясы туралы 93 материал (оның ішінде 50 материал мемлекеттік және 43 материал мемлекеттік емес телеарналарда) шыққан.

Радиодан ЖСДП туралы 12 материал, «Ақ жол» ҚДП туралы 11 материал, «Әділет» ДП туралы 9 материал, «Ауыл» ҚСДП туралы 11 материал, ҚКХП туралы 10 материал, «Нұр Отан» ХДП туралы 18 материал, ҚПП туралы 10 материал және «Руханият» партиясы туралы 11 материал берілген.

Аумағы бойынша мемлекеттік БАҚ-тарда шыққан материалдардың 14% – «Ақ жол» ҚДП-ның, 14% – «Әділет» ДП-ның, 14% – «Нұр Отан» ХДП-ның, 13% – «Ауыл» ҚСДП-ның, 12% – ЖСДП-ның үлесінде, ал ҚКХП, ҚПП мен «Руханият» партиясының әрқайсына 11%-дан келеді. Ал мемлекеттік телеарналардағы бейнесюжеттердің ұзақты­ғы бойынша: Руханият» партиясы туралы – 20%, «Нұр Отан» ХДП туралы – 13%, «Ақ жол» ҚДП, «Әділет» ДП және ҚПП туралы – 12%-дан, ҚКХП мен «Ауыл» ҚСДП туралы – 11%-дан, ЖСДП туралы – 9%.

«Осылайша, сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуі, жалпы алғанда, орындалып отыр деген тұжырым жасауға болады. Баспа және электрондық БАҚ-тарда олардың қызметі негізінен тең жағдайда және шамамен алғанда бірдей мөлшерде жарияланып келеді. Оның үстіне қазіргі сәтте мемлекеттік бұқаралық ақпа­рат құралдары барлық саяси партиялардың қызметін белсенді жария етіп келсе, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары билік партиясына көбірек көңіл бөліп отыр», – деді Ләззәт Танысбай.

Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл пікірмен келісті, сондай-ақ Ортсайлаукомға БАҚ-тардың үгіт науқанын жариялау бой­ын­ша жұмысында орын алып отырған кемшіліктерге қатысты бірқатар ұсынымдар берді. Атап айтқанда, кейбір баспа бұқа­ра­лық ақпарат құралдарының үгіт материал­да­рын қаржыландыру көздерін көрсетпей жария­лауы сайлау заңнамасы белгілеген талаптардан ауытқу болып табылатыны нұсқалды.

Дегенмен, Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Ин­дустриальная Караганда» облыстық газе­ті­нің бас редакторы Владимир Рыжков сай­лау­алды үгіт басталғалы бергі кезеңде Қара­ғанды облыстық сайлау комиссиясына бұ­қара­лық ақпарат құралдары тарапынан сай­лау­алды үгіт ережелерінің бұзылуы туралы бір де бір өтініш келіп түспегенін атап өтті. «Кейбір ұсақ кемшіліктерге қарамастан, бұл қазақстандық БАҚ-тар мен журналисттердің үгіт кезеңінде сайлау заңнамасымен белгіленген ережелерді бұлжытпай сақтай оты­рып жұмыс істеуге үйренгенін көрсетеді», – деді ол.

Қоғамдық кеңестің отырысына қатыс­қан саяси партиялардың, ЕҚЫҰДИАҚБ Миссиясының байқаушылары өз кезегінде мемлекет сайлауға қатысып отырған саяси партиялардың БАҚ-тарға қол жеткізуінің тең жағдайын қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Ал Қоғамдық кеңестің төрағасы, Еуропалық құқық сараптау институтының директоры, «Человек и закон» респуб­ликалық газетінің бас редакторы Марат Бәшімов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мейлінше жиі қоятын БАҚ-тардың сайлауалды үгіт науқаны барысындағы қызметіне қатысты сұрақтар бойынша бірқатар түсініктемелер берді.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Соңғы жаңалықтар