Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

Таныстырылым Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов және «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың қатысуымен өтті.

Егемен Қазақстан
21.10.2018 4887
2

Көшпелі және ішкі туризмді дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 негізгі бағыттан тұрады. Оның бірі – туризмге арналған әлеуетті территорияны анықтау.

Министрлік зерттеу жүргізіп, елге туристердің ағынын қамтамасыз еткен үздік 10 жерді анықтады. Жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында 600 млрд теңге басымдыққа ие жерлерді дамытуға тартылатын болады.

«Қазақстан – туристік жерлері көп үлкен мемлекет. Барлық жерлерді бірдей дамытуға қаражат көзі жетпейді, сондықтан біз анағұрлым тартымды территорияны белгіледік. Мәселен, туризмді дамыту картасына  Алакөл мен Балқаш жағалауы, Алматы мен Алматы облысы тау кластері кірді», – деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрінің кеңесшісі Еркебұлан Хасенов.

Картаға барлығы 60 объект енді, олардың басым бөлігі өңірлерде орналасқан. Жаңа бағдарламаға сәйкес  басымдыққа ие 10 жоба салықтық жеңілдіктер алады. Сонымен қатар бұл территорияларда басқарушы компаниялар құрылады, оларға арнап жер учаскелері дайындалып, қажетті сыртқы инфрақұрылым тартылады.

Негізгі  шаралар тізіміне туризм саласындағы бизнеске жеңілдікпен несие беру шарасы енді. Аталған шара 20 жылға дейін 14% мөлшерлемемен несиелеуді қарастырады, мөлшерлеменің жартысын мемлекет субсидиялайды.

Бағдарламада сондай-ақ маркетингке баса назар аударылған. Еркебұлан Хасеновтың айтуынша, әлемде Грузия, Қырғызстан, Әзірбайжанның туристік аймақтары танымал, бұл нақты жұмыс пен үлкен бюджеттің нәтижесі.

«Бюджетті 7 млрд теңгеге дейін ұлғайту мақсатында BED TAX –  тәулігіне 1 жатын орын үшін туристерден 2 АҚШ доллары мөлшерінде туристік жинауды енгізу керек. Осы ретте хостелдер мен мейман үйлерге тоқтаған туристер бұл төлемдерден босатылады. Бұл шара келешекте бюджетке түсетін ауыртпалықты  азайтатын болады. Пилоттық жоба Астанада іске асады», – деді Хасенов.

Бағдарлама аясында e-Visa және е-Hotel жүйесін енгізу және «шақыру» опциясын алып тастау ұсынылды. Сонымен қатар министрлік бос ауаның 5 сатысы бойынша «Ашық аспан» саясатын енгізу ұсынысын алға тартты.

«Шығындардың үлкен үлесін автокөлікке кететін шығандар құрайды. Біз Астана, Алматы, Ақтау және Шымкент үстіндегі бос ауаның бесінші сатысын енгізуді ұсынамыз, әрине отандық авиа тасымалдаушылар мүддесі ескерілу керек. Осылайша шығындар азаяды, ұшу билеттерінің өзінен 20%-ға дейін қысқару орын алады», – деп айтылды таныстырылымда. 

Бағдарлама әзірлеушілері авиакеросинге деген бағаларды мемлекеттік реттеуды қайтару, авиакомпанияның отын сатып алу шығындарын субсидиялау, «Kids go Free» қағидасы бойынша оқу демалысы кезінде балалардың ұшуын субсидиялау ұсынылды. Осы шаралар ел ішіндегі саяхатты ынталандырып, жолаушылар ағынын ұлғайтады.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың пікірінше, бағдарлама шын мәнінде стратегиялық міндеттерді қамтып отыр, алайда онда шағын бизнесті қолдаудың ынтыландыру шаралары жоқ. Спикер Өзбекстанда қолданыстағы бағдарламаны мысалға келтірді.

«Онда бизнес өкілдері инфрақұрылым объектілерін салуға мемлекеттен субсидия ала алады. Немесе қонақүйлер мен отельдерді «жұлдыздарды» алуға ынталандыру. Бізде мұндай аудит шамамен 300 мың теңге тұрады, соның нәтижесінде елдегі отелдердің небәрі 8,5%-ында «жұлдызы» бар. Осындай мотивацияны құрайық, шығынның жартысын болса да өтеп берейік. Бизнес бұл жүйені енгізуге, онақтарға ұсынып отырған жағдайды жақсартуға дайын болады. Өкінішке қарай бұл шаралар, және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша басқа да  ынтыланлдыру құралдар бағдарламада қарастырылмаған», – деп мәлімдеді Олжас Ордабаев.

Өз кезегінде ҚР  Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Бағдарлама жобасының қазіргі нұсқасын мемлекеттік органдар алдында қорғау керек екенін айтты.

«Көптеген шараларымыз қауіп алдында тұр, көп шараларды «кесіп», дәйектерімізбен келіспей отыр. Қайтадан қызметсіз сөреде шаң басып жататын құжат аламыз деген болжам бар. Өйткені, әр мемлекеттік органның өзінің функциясы бар,  соны орындауға тырысады. Қаржы министрлігі барынша аз қаражат бөлуге, тіпті бөлмеуге тырысады. Экономика министрлігі де экономдайды. Сондықтан барлық мүдделі тараптардың қолдауынсыз біз мақсатқа жете алмаймыз. Бізге барлық алаңдарда белсенді қолдау керек», – деді Ерлан Қожағапанов.

Бағдарламаның негізгі әзірлеушілерінің (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі) айтуынша, құжатқа кірген шаралар Қазақстанға 2023 жылға қарай ЖІӨ құрылымында туризм үлесін 8%-ға  ұлғайтуға мүмкіндік береді. Туристік салада жұмыс істеп жатқандар санын 400-ден 650 мың адамға дейін арттыруға, сыртқы туристік ағынды 6,5-ден 9 млн келішулерге дейін, ал ішкі туристерді 4,6-дан 8 млн адамға дейін ұлғайтуға жол ашады. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу