Қазақстан • 21 Қазан, 2018

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбі, жексенбі күндері Қызылжар өңірінің  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі елордада ұйымдастырылып, 100-ден астам өнім түрлері ұсынылды.

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

«Қазақстан» спорт  кешенінің автотұрақ аймағында өткен жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен барлық аудандар қатысып, 725 тонна  азық-түлік тағамдары сатылды. Олардың арасында  ет, балық, бал,  макарон, көкөніс түрлері молынан және 15-20 процент арзанға ұсынылды. Сатып алушыларға арнап 60 шатыр орнатылды.  Автокөліктерде карто пен көкөніс көтерме бағамен де сатылды.

Астаналықтар  агралы аймақтың тартуын жылы көңілмен қабыл  алып, облыстың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасын, қолданбалы қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар көрмесін қызыға тамашалады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы