Қазақстан • 21 Қазан, 2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

215 реткөрсетілді

Алматыда «Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды.

«Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсыновша айтқанда, бүгінгі оқырман үшін ақпарат көзі, жаңалықтың тынысы болып отырған газет-журналдардың өкілдері Алматыдағы «Grand Park» сауда орталығында жаңадан ашылған «Қазпошта» филиалында өз өнімдерінен шағын көрмелер ұйымдастырып, оқырмандармен қауышты. Филиал директоры Ержан Тасмұхан «Қазпошта» қызметінің тұтынушылары мен БАҚ өкілдерін айтулы күнмен құттықтап, серіктестік саладағы жетістіктерге алғысын білдірді. Ширек ғасырға жуық тарихы бар отандық пошта қызметінің барысына тоқталып, алдағы жоспарлар жайында ақпарат беріп өтті. Бүгінде Алматы қаласында жүзден астам «Қазпошта» бөлімдері жұмыс істейді.

Алдағы уақытта заманауи жабдықталған тағы да 4 филиал ашылатын болады. Жаңа заманғы үдерістерге орай «Қазпошта» жылдам әрі сенімді тасымалдаушы ретінде нарықтағы жоғары сұранысқа ие компания мәртебесі үшін әрқашан қызмет сапасын жетілдіріп, тұтынушыларға қолайлы жағдайлар туғызып отыруды мақсат етеді.

Шара аясында Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Дастанұлы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Мысль» журналы,  «Балдырған» журналы, «Дружные ребята», т.б. басылымдардың өкілдері сөз сөйлеп, «Қазпошта» қызметкерлеріне құттықтау лебіздерін білдірді. «Егеменнің» тұрақты оқырманы, ақын Жарас Сәрсек газеттің оқырман үдесінен шығудағы өзгерістерін құптайтындығын айтып, ақпарат айдынындағы қызметіне сәт-сапар тіледі. Бүгінде заман сұранысына қарай ыңғайланып бара жатқан газеттер қатарынан табылатын ел газеті жаңа айдарларымен, тың мақалаларымен ерекшеленуде.

Сұқбат алаңына айналған «Қазпошта» филиалындағы мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Үздік пошта қызметкерлеріне, сонымен қатар тұрақты оқырмандарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.

 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар