Қоғам • 21 Қазан, 2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

211 реткөрсетілді

А.Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылауға байланысты «Өрлеу» театрында «Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар» тақырыбында шығармашылық қауымның, оқытушылар мен студенттердің кездесуі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен мәдени шараға ҚР халық әртісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы эстрадалық вокал кафедрасының меңгерушісі, профессор Лаки Кесоглу, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни және де басқа мәдениет, өнер қайраткерлері қатысып, ел дамуындағы жастардың рөліне қатысты мазмұнды пікірлерімен бөлісті.

Училище директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ая Қалиева бүгінде Қазақстанның болашағы, дамуы, құндылықтары, экономикасының өсуі, саяси-қоғамдық өмірі жастармен тығыз байланысты екендігіне тоқталып, жастарға қолдау көрсету – ел дамуының инвестициясы, деп атап өтті. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап жастардың әлеуметтенуі Елбасының назарында болып  келеді. Республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы жастардың келешегіне,  білім алып, дамуы, белсенді еңбегіне қамқорлық ерекше.

Училищенің болашағы да жастардың өмірімен тығыз байланысты. Аталған оқу орнында би өнерінің дамуына, сақталуы мен насихатталуы жолында жастарды көптеп тартуға басымдық берілген. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті балет әртістерін тәрбиелеу мақсатында, қазақ балетін әлемде насихаттауға байланысты «Жаһандық кеңістіктегі қазіргі Қазақстан мәдениеті» жобасы аясында көптеген жұмыстар жолға қойылған. Бұл бағытта көрнекті қазақ бишісі Рамазан Баповтың шығармашылығына арналған «Рамазан Бапов. Танец длиною в жизнь», қазақ бишісі, балетмейстер Сара Көшербаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы «Балерина» кітабы жарық көргендігін айта кеткен жөн.

Ал училище түлегі Анвара Садыкованың «Тұран дала – қыран дала» хореографиясын мысалға алған училище директоры, бұл қойылымның өн бойында бүтін бір ұлттың қалыптасуы, батырлығы, отансүйгіштігі мен қазақ халқының өз еліне деген сүйіспеншілігі жатқандығын атап өтті. Оттың жалыны, қалықтаған ауа, судың сылдыры, жердің қуаты көрініс беретін балет «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің музыкасымен әсерленіп, ерекше ізденістегі қойылым ретінде бағаланды. Либреттосын жас балетмейстер Дамир Уразымбетов жазса, костюмдердің авторы қазақстандық белгілі дизайнер Әсел Лұқпанова мен сценограф Ербол Бисеновтың шығармашылық еңбегі зор.

Шығармашылық кездесу аясында отансүйгіштік, ел мен жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық салт-дәстүрге құрмет, жаһандану заманында рухани құндылықтарды сақтап қалуға байланысты мазмұнды ойлар айтылды.

Жас әртістер ұстаздар пікірлерін тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

 

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар