Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Маңғыстау облысы толықтай цифрлық телевизияға қосылды

58 реткөрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев іс-сапары аясында Маңғыстау облысын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға қосудың салтанатты шарасына қатысты.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов, «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы И.Тәжібеков қатысты. Рәсім барысында бұған дейін өңірге қызмет етіп келген аналогты телевизиялық сигнал таратуды қамтамасыз еткен жабдық өшіріліп, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Жаңа жүйе қала мен аудан халқының көруіне қолжетімді телевизиялық арна санын көбейтуге мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстанның жалпы телеконтенті нарығында отандық телеарналар спектрі кеңейіп, республика халқы халықаралық стандарттарға жауап беретін сапалы бейнеконтентке қол жеткізеді.

Жобаны іске асыру аясында Маңғыстау облысында 21 радиотелевизиялық станса салынып, жаңғыртылды. 600 мың халық тұратын 47 елді мекен немесе облыс халқының 99 пайызы қамтылды. Халық саны аз болуына байланысты цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйесіне қосылмаған 14 елдімекен OTAU TV жерсеріктік телевизиясына қосылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Суретті түсірген Серік Майемеров

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар