Аймақтар • 22 Қазан, 2018

Ақтауда «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілді

80 реткөрсетілді

Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеуді жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында Ақтау қаласы аумағында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Ақтау қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция бөлімшесі және ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонымен бірлесе отырып жүргізген үш күндік шарада  Ақтау қаласы бойынша автобус құралдарының қатысуымен 62 жол ережесін бұзу фактісі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Мысалы, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген күйде басқаруға шығару  бойынша 5 хаттама, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау бойынша 2, міндетті техникалық байқаудан өтпеу туралы  2, техникалық жағдайына жауапты лауазымды тұлғалардың және кәсіпкерлік басшылардың әкімшілік жауапқа тартылғаны 3 хаттама толтырылса, әртүрлі жол ережесін бұзған жүргізушілерге 51 әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Ораза кестесі 2019

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Ұқсас жаңалықтар