Қазақстан • 24 Қазан, 2018

Ауыл шаруашылығына жастарды көптеп тарту керек

538 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде әлем – технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл үдерістерге белсенді түрде қатысып келе жатқан Қазақстан өзінің алдына дамыған 30 елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. 

Ауыл шаруашылығына жастарды көптеп тарту керек

Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір Жолдауы – елімізді дамытуға арналған негізгі қадам болып табылады. Мәселен, Жолдауда «Ақылды технологиялар» мен агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндігі жайлы кеңінен айтылған.

Осы орайда жаңа технологияларды пайдалана отырып, Қазақстанды жаңа өзгерістерге бейімдеу, өзімізге қажеттісін қолданысқа енгізу аса маңызды.

Жалпы, еліміздің дамыған елдер қатарына кіруі үшін ауыл шаруашылығы саласында ғылыммен айналысатын білікті мамандарды дайындап шығару кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Өйткені, ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін талап ететін сала.

Менің пікірім бойынша, ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Мұны барлық жастар терең түсінуі тиіс. Сондықтан бүгінгі студент университет қабырғасынан алған білімімен, алған дипломымен шектеліп қана қоймай, дүниежүзілік қатаң бәсекеге төтеп беруге бейімделуі қажет. Елбасы Жолдауының маңыздылығы да осында деп ойлаймын. Өйткені, айтылған агроөнеркәсіпті, технологияны, жаңа техниканы, еңбек өзгерістерін, жаңалықтарды, басқа да жаңа жобалардың барлығын жүзеге асыратын жастар.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласына жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа техникалар, жаңа өндірістік технологиялар енгеніне байланысты, мемлекетімізге ауыл шаруашылығын жақсы меңгерген мамандық иелері өте қажет болып отырғаны анық. Сондықтан елімізге өз кәсібін теориялық және практикалық тұрғыдан терең білетін және түсінетін жас мамандар қажет.

Мен біліп алып жатқан оқу орны республикадағы әрбір аймақтардың әкімшіліктерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, тауарөндірушілерге ғылыми тәжірибелік қызмет көрсетуде. Харықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу және білім беру базасын құрудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, стратегиялық бағытта жүйелі даму жүйесін қалыптастыра алуы – университетіміздің кейінгі кездегі басты жетістіктерінің бірі. Мұның барлығы Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Назерке СҰЛТАНҚЫЗЫ,

Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Агробиология» факультетінің магистранты

АЛМАТЫ