Кино • 02 Тамыз, 2024

«Қазақфильмнің» жаңа басшысы мәлімдеме жасады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 1 тамызында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясының уақытша президентінің міндетін Айдар Омаров атқаратыны белгілі болды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақфильмнің» жаңа басшысы мәлімдеме жасады

Фото: Instagram/_aidar.kz

Айдар Омаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа қызметіне қатысты жазба жариялады. 

«Барша құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіремін! Қаншалықты елең еткізсе де, менің өндіріс жөніндегі вице-президент ретіндегі жұмысым министрлік тарапынан осындай сеніммен бағаланғанына қуаныштымын, өз кезегінде, егер сіздердің ұсыныстарыңыз болса, мен де ашықпын! Саланың дамуы үшін біз кез келген парасатты идеяларды ашық және тікелей талқылай аламыз», деп жазды Айдар Омаров.

Айта кетейік, Айдар Омаров бұған дейін киностудия вице-президенті қызметін атқарған болатын.

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнің» президенті қызметінен кеткені 31 шілдеде белгілі болды. Ал, 1 тамызда Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлаған болатын.