Руханият • 24 Қазан, 2018

Хәліміз – қайыр, қалпағымыз – айыр

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Хәліміз – қайыр, қалпағымыз – айыр

Таяуда туған елге зәуі бір се­беппен жол түскен. Жа­ма­ғайынның жаназасы еді. Сексеннен асып барып қайт­пас са­парға аттанған қа­рия­ның ақтық сапарына етжа­қын ағайыны, тілектес, ниеттес жұрт көп жиналды. Қатары селдіреп қал­ған ақ­сақал, қарасақалдың өзі бес-алты табақ. Алғашқыда бай­қамаппын бәрі бір өң­кей Көк­шетаудың базарында сатылатын ақ кигізден тігілген, желке тұсы желбірей айырылған қырғыз қалпақ киіпті. Құд­ды бір манаптардың ортасында отырған сияқты бола­ды екен­сің. Ел тынысы жайлы өрбіген жаяу әңгіме өрлеп барып басқа шық­қан. Анығында басқа емес, бас­тағы қырғыздың қалпағына.

– Осы өзі тәп-тәуір қал­­пақ екен, – деді төрде отыр­ған бір ақсақал. Әсі­ресе желді күні жақ­сы, құр­қыл­тай­дың ұясын­дай жып-жылы. Балалар әкеліп беріп еді. Басым­нан тастамай киіп жүрмін. 

Әлгі әңгімені қоштаған екін­ші бір ақ­сақал осы тарап­та­ғы аталы сөзін айт­қан. 

– Түлкі тымақ, құндыз бө­ріктің қарасы өшкен соң қыр­ғыздың қалпағын кимегенде, нені киерсің? Жа­лаңбас қала жаздадық қой. 

Намыссыздық демей, қай­терсің енді?!

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»