Қазақстан • 25 Қазан, 2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

525 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

Жастарға деген сенім зор

Елбасы халыққа арнаған Жолда­уында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуе­тін арттырудың нақты жолдарын ­бел­гілеп берді. Онда кәсіпкерлерге ша­­руа­шылық жүргізудің жаңа дағдыла­рын үйрету үшін жаппай оқыту жү­йесін ен­­гізу міндетіне айрықша назар ­аударылды.

Бұл мәселе ауылдықтар үшін өте өзекті. Бұл мақсатқа жыл сайын қо­сымша 100 миллиард теңге қарас­ты­рыл­мақ. Осылайша аграршыларды көп­тен бері толғандырып келген түйінді проблема шешімін тапқаны қуантады. 

Бүгінгі күні екінің бірі шағын және орта бизнеспен шұғылданғысы келеді. Ондағы ойлары – бағдарламаларға қатысу, жеңілдікті, қайтарымы төмен несие алу. Қағаз бәрін көтереді демекші, бизнес-жоспарлардан мін табу қиын. Алайда, ынта-талаптары құптарлық болғанымен, кейбірі экономиканың қыр-сырын білмегендіктен, маңдайы тасқа тигендей күй кешіп жатады. Оның бір себебі, тәжірибенің жоқтығы және де бизнесті тек пайда табу көзі ретінде ғана түсінетіні. Халыққа сапалы қызмет көрсету керектігін кей кездері естен шығарып жатады. Жас буынды осындай қате түсініктерден арылту мүмкіндіктерін алдағы уақытта көпшілік болып қарастырған абзал. Меніңше, жоғары оқу орнын бітірген маман бірден лауазымдық қызметке ұсынылмай, алдымен өндіріс орындарында кәсіби шеберлігін шыңдау секілді еңбек сатыларынан өткені жөн. Бойларынан жұмысқа деген табандылық, тапсырылған іске жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілеті сезіліп тұрса, мұндай білікті кадрлардың сұранысқа ие болары анық. Біздің серіктестікте еңбек ететін мамандардың үштен бірі жастар. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен жасалған келісімге сәйкес тегін оқытамыз. Оқу бітіріп келген соң кемінде бес жыл жұмыс істеу міндеттеледі. Осы аралықта ша­руашылықты басқаруға араласып, сөзіне ісі сай маман ретінде тәрбие­ленеді. Араларында сенімді ақтап, жақсы қызметте жүргендер аз емес.

Бүгінде жастардың ауылдық елді мекендерге баруы сиреп бара жатқаны алаңдатады. Әсіресе тракторшы, комбайншы секілді мамандықтар өте тапшы, жасы егде тартып қалған азаматтар атқарып жүр. Олар ертең зейнетке кетсе, орнын басатын ізбасарлар табу қиын. Бұл мәселе бізде шешімін тапқанымен, көп ауылға осы көрініс тән. Түркістан облысынан көшіп келген бір жас отбасыны Меңгесер ­аулына механизатор етіп орналастырып, үй-жаймен, малмен қамтамасыз еттік. Келіншегі балабақшада жұмыс істейді. Жеңілдікпен несие алуға да көмектестік. Екеуі де іскер. Қосалқы шаруашылықпен де айналысады. Бұл бастаманы «Ақселеу» ЖШС-ның директоры Серік Малаев қолдағанымен, белсеніп шыққан басшылар қатары аз. Жолдауда атап көрсетілгендей оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы – жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі. Ал жас мамандардың тұр­мыс сапасына көңіл бөлу, олар үшін өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру – ел ертеңін ойлау деген сөз. 

Жолдауда жастар мен отбасы институтын кешенді қолдауды мемлекеттік саясаттың басымдығына айналдыру талабы қойылды. Келесі жыл Жастар жылы деп жарияланды. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды өңірлік деңгейде іске асырудың маңызы айрықша.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ,

«Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің бас директоры

Солтүстік Қазақстан облысы

Өркендету ісіне үлес қосамыз

Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, сот-құқықтық салаларының жұмысын кеңінен айқындаған, қорытқан, нақты қадамдарға бағыттауымен ілгері­рек­тегі тарихи құжаттардың қатарын толық­тырған өзгеше Жолдау болғанын баса айтуымыз керек. Елбасы өзі белгілеп, сенім артқан әрбір бағыт жастармен, жас­тардың өмірімен тікелей байланыс­ты. Президент алдағы жылды Жас­тар жылы деп жариялады. Елбасы осы құжат арқылы жастарды үлкен жетіс­тіктерге жеткізетін іс-шараларды ұйым­дастырып, олардың білім, ақыл-ой, еңбек қабілетін ашуға мүмкіндік беріп отыр. 

Бүгінгі күні біздің бөлімшеміз­де әлеуметтік-экономикалық бағыт­ты арттыру және Қазақстандағы бәсекеге қабілетті жастар қатарын толықтыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алына бастады. Өзіне арнайы жыл белгіленіп, Елбасы тарапынан қолдау беріліп жатқан мүмкіндігін пайдалана отырып, жастар да мемлекеттік кепілдіктердің толыққанды және сапалы жүзеге асырылуына өз ­күш-жігерін бағыттауы қажет. Жолдау­да айтылған білім, жұмыспен қамта­ма­сыз ету, ­баспана алу мәселелерінің бәрі жастарға тікелей қатысты болғандықтан, олардың өзі де игі мақсат үшін мүдделілік танытып, Мемлекет басшысының қамқорлығын пайдалана отырып, сенімді, нәтижелі қадам жасауы тиіс. 

Әйтсе де жастар тек игіліктің пайдаланушысы ғана емес, бастамашысы әрі өркендетушісі екенін де ұмытпауы керек. Жоғары оқу орнында білім алған немесе өндірісте еңбек етіп жүрген әрбір жас маман біліктілігін көрсетіп, жаңа заманмен бәсекелесе алатын қабілетін дәлелдеп, белсенділік танытып, жаңа Жастар жылын жарасымды ете алады.

Ерзат МЫСЫР, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасымды жастар» қалалық филиалының төрағасы

АЛМАТЫ

Ел дамуы бәсекеге қабілетті ұрпақ қолында

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауын жұртшылық асыға күтеді және қызу талқылайды. Ол мемлекеттік бағдарламалардың жеткен нәтижелерін талдауға, болашаққа нақты жаңа міндеттер қоюға арналған стратегиялық құжат болып табылады. 

Елбасының «Қазақстандық­тардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы 2050 жылға дейінгі мемлекеттік бағдардың басымдықтарын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. Онда тұрмыс саласын дамыту бойынша басты мін­дет­тер айқын көрсетілген – халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету, мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Жолдаудың бірінші міндеті – Прези­денттің 2019 жылдан бастап ең аз жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыру. 

2025 жылға дейін кәсіп­кер­лік­ті қолдау жөніндегі жаңа бағ­дарламаның ауқымы өте зор. Оны іске асырудың нәтижесінде 22 000 жаңа жұмыс орны пайда болады. 

Мемлекет басшысы ауыл ша­руашы­лығы өнімдерін өнді­рушілерді қолдау, серпілісті жо­баларды іске асыру, көлік инфра­құрылымын дамыту жөнінде және өзге де бірқатар міндеттерді жариялады. 

Өзінің Жолдауында Елбасы иннова­циялық және сервистік даму қажеттігіне ерекше көңіл бөлді. Осыған байланысты ел Президенті баламалы энергетика, үлкен мәліметтер, интернет-инновациялар, жасанды интеллект, блокчейн және өзге де осы сияқты «болашақ экономикалар» бағытында дамуды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламаларды, нақты жобаларды әзірлеудің маңызды екенін атап өтті. «Келешекте елдің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі осыған байланысты болады», деді Мемлекет басшысы. 

Білікті мамандарды даярламай, дарынды жастарды қолдамай аталған бағыт­тарды толық іске асыру мүмкін емес. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Қоры­ның миссиясына тікелей бай­ланысты, олар – дарынды жас­тарға көмек көрсетіп, қоғам­дық-маңызды әлеуметтік жоба­ларды қолдай отырып, қоғамы­мыздың шексіз әлеуетін дамыту. Қордың үстіміздегі жы­лы өткізілген іс-шараларының 60%-ы жас­тардың ғылымдағы, IT және шығарма­шылықтағы қабілетін дамытуға бағыттал­ған. Басты назар IT саласындағы білімге және ғылымды дамытуға аударылған. 

Төртінші техникалық революция үрді­сінде қалыптасып отырған жаңа технологиялық жағдайға жастарды даярлау үшін біз 2 жылдың ішінде «Met­hod PRO» жобасының аясында Қазақстанның 300 оқушысы мен студентін код әзірлеу және бағдарлама жасау негіздеріне оқыттық. Балалар Қазақстанның, жақын және алыс шетелдік IT-индустрияның үздік мамандарынан тегін кәсіптік IT-оқу­дан өтті. Үстіміздегі жылдың қоры­тындысы бойынша бағдарламаға қатысушылар ірі отандық ком­па­нияларға арналған 40 жобалық шешім әзірледі. Үздік жобалар өндіріске енгізілді, ал студенттерге ірі ұлттық компанияларға жұмысқа орналасу бойынша тиімді ұсыныстар келіп түсті. 

«Smart Zholy» IT-жобасын іске асыру Оңтүстік-Шығыс Азия­ның және халықаралық IT-хабының жетекші стартап-алаңдарымен тығыз байланыс­та жүзеге асырылуда. Нәтижесінде қазақстандық әзірлемелер өңірдің топ-100 стартап тобына енді. Қазақстандық Webtotem стартапы Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік ондығына кірді. Бұдан басқа, сингапурлық SaturdayKids компаниясы қазақстандық старптап -Intellection жобасына инвестиция салуға келісті. 

Бұдан басқа, Қор үстіміздегі жылы «Блокчейн» цифрлы марафоны» жобасын іске асыруды бастады. Қор блокчейн, криптовалюта, майнинг, ICO және басқа да замануи IT-трендтер бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу үшін қоғамдық алаң құрды. Алаң­ның жұмысы аясындағы кез­десулер Қазақстанның түрлі өңір­лерінде FinTechGroup ком­па­ниясының қатысуымен өткізіледі. 

Ғылымдағы қабілетін көр­сет­кен жас­тардың қызметін ынталандыру үшін жас қазақ­стан­дық ғалымдарға арнал­ған ғылыми зерттеулерге грант алу мақса­тында конкурстар, сон­дай-ақ гумани­тарлық саладағы шығармашыл жастарды қол­дауға бағытталған байқаулар ұйымдастырылуда. 

Инновацияларды дамыту, сондай-ақ білімді, бәсе­кеге қа­бі­летті жас ұрпақты қалып­тас­тыру барысында Қазақстан өзінің дамуында жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік алады.

Қанат ЖҰМАБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры

Халық тілегімен тікелей үндеседі

Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Дипломмен – ауылға!» жобасы менің бүгінгідей же­тістіке жетуіме үлкен ықпал етті. Ел­дің есінде болар, Мемлекет басшысы «Мен жастарды, университет тү­лектерін – мұғалімдер мен дәрі­гер­лерді – ауылға барып, өз халқына кө­мектесуге шақырамын!», – деп үн­деу тастады. Міне сол алысты бол­жаған, халықтың, жас маман­дардың жағ­да­йын жасау мақсаты көзделген бағдар­лама аясында ауылға келгеніме еш өкін­беймін. Қайта осындай игі бас­та­масы үшін Елбасыға шексіз ризамын.

Айтайын дегенім, Елбасының әрбір Жолдауы, әрбір бастамасы қашанда өзекті мәселелерге арналатыны, халықтың тілегімен тікелей үндесетіні еді. Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту көзделген күні кешегі Жолдауда қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігі айтылып, оған жетудің нақты міндеттері белгіленді. Әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Әрине, бұл алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттер еліміздің барлық ауыл тұрғындарын қуантқаны анық. Өзім жұмыс істеп жүрген Шаян дәрігерлік – амбулаториясы 2450 тұрғынға қызмет көрсетеді. Қажетті медициналық қондырғылармен толық қамтамасыз етілген мекемеде аға-дәрігермін, 4 медбике, бір акушер халыққа қызмет көрсетудеміз. Жоғары оқу орнын бітірген соң-ақ ауылда жұмыс істеуді таңдағанмын. Содан бері он жылдай уақыт өтіпті, денсаулық саласындағы әрбір жаңалық, оң өз­ге­ріс маған жақсы таныс. Келер жылы алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек көрсететін қызмет­кер­лерді ынталандыру үшін ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсіл­дерін енгізген учаскелік медицина қыз­меткерлерінің жалақысын көбей­ту көзделіп отыр. Бұл бастама да бізді жігерлендіріп, ізденіске жете­лейді. Осынау жаңалықтарды естіп, ақ халаттылардың көңіліне қуа­ныш ұялап жатқаны рас. Өйткені дәрі­гер­лер мен орта буын медицина қыз­мет­керлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Олар уақытпен санаспай, алдына келген науқасты тексеруден жалықпайды. Алдағы уақытта медицина саласының одан әрі дами түсетініне де сенім мол. Медициналық қызмет сапасы артса, халықтың әлемеуттік жағдайы да жақсарады. Сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Оны жетілдіру мақсатында медицина қызметкерлері жұмыстарының есебін, жоспарын қағаз күйінде емес, электронды нұсқа түрінде де тапсыра алады. Бұл өз кезе­гінде дәрігер көмегін қажет ететін жан­дарға уақытты көбірек бөлуге мүм­кіндік береді. Және қызмет көрсе­ту­дегі ашықтықты қамтамасыз етеді.

Наргиза ШАУРЗАЕВА,

Шаян дәрігерлік-амбулаториясының аға дәрігері

Түркістан облысы,

Бәйдібек ауданы

 

Ауыл да бизнесті өркендетуге аса қолайлы жер

Менің ауыл шаруашылығымен айналысып, осы салада еңбек етіп келе жатқаныма 15 жыл уақыт өтіпті. Алғашында қарапайым тех­ника, қолда бар түлікпен бас­тал­ған бұл істе сол кезде арман­­дай да алмаған жетістікке қол жеткіздік. Бүгінде малдың үш тү­лігі бойынша асыл тұқымды мал өсі­румен шұғылданып келеміз.  

Дәл қазір шаруашылығымда 1000 бас асыл тұқымды ірі қара, 1100 бас асыл тұқымды көшім жылқысы, 2000 бас етті-жүнді «Ақжайық» тұқымды қой бар.

Елбасы Жолдауы қашан да дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Оның айқын дә­лелі – Президентіміздің ауыл ша­руашылығы өнімдерін дамы­туға, өнімдерді терең өңдеу саласын одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлуі. Одан кейін экспортқа шы­ғарылатын тауарлардың түрін көбейту, еліміздегі тауар өндірушілерді, олардың өнім­дерін қолдау мәселелері туралы да айтылды. Бұл экономиканы жан-жақты дамытуға септесіп, біз секілді ауыл кәсіпкерлерінің мүмкіндігін ұлғайта түсері сөзсіз. 

Мемлекет басшысының экс­портқа бағытталған бәсекеге қа­білетті, сапалы өнім сату туралы тапсырмасына сай жақын арада Татарстанға асыл тұқымды көшім жылқыларын сатуға шы­ғармақпыз. Осының бәрі мемлекет тарапынан беріліп келе жатқан демеуқаржының арқасы екенін де айта кеткім келеді. 

Біз «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста алғаш рет «электронды бақташы» жүйесін, жа­йылымда малдың қайда жүр­генін, өрістердің жағдайын, ша­бындықтың сапасын бақылап, мониторинг жасап отыруға дронды қолдандық. Жоспарымыз мұнымен шектелмейді. Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жасалған мүмкіндіктер арқылы бұдан да жоғары көрсеткіштерге жететіндігімізге сенімдіміз. 

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» атты Жол­дауында «Ауыл – ел бесігі» жоба­сын ұсынған Елбасы ауылсыз келешек жоқ екендігін санамызға құйып берді. Ауылды қадірлеу, ауылды көркейту, ауылға тағзым ету – болашаққа алаңдау, келешекке қамқорлық жасау. Бұл жобаның мазмұны Елбасының былтыр жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласымен астасып жатыр. Ауылда өсіп, бизнесімізді өркен­деткен біз де ортақ істен тыс қала алма­дық. Бірқатар азаматтар жиналып, алтын бесігіміз – Алғабас ауылына заманауи спорт алаңын салып бердік. Ауылымыз­ға деген қамқорлық мұнымен тоқ­тал­майды, әрине. 

Елбасының ауылды ел бесі­гіне теңеп отырғаны бекер емес. Биылғы Жолдауда еңбек өнім­ді­лігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспор­тын көбейту, мемлекеттік қол­дау­дың барлық шаралары елімізге заманауи озық технологияларды ауқымды түрде тар­туға бағытталып, саланы басқа­рудың үздік тәжірибесін пайдалану, ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру секілді жаңалықтар өте көп болды. Елбасының Үкіметке үш жыл ішінде осы мақсаттарға жыл са­йын қосымша 100 млрд теңге қарас­тыруды тапсыруы бізді де қуан­тады. Енді сол алға қойған мін­деттерді мемлекеттік органдар­мен бірге жүзеге асыруымыз ке­рек. 

Ерболат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

«Сәбит» шаруа қожалығының жетекшісі

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы