25 Қазан, 2018

Өзекті мәселелерге назар аударылған - Раду Магдин

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­­тан Назарбаевтың биыл­ғы 5 қазанда жариялаған Жол­дауында экономикалық бәсе­келестікті дамы­ту, комму­налдық қызмет та­рифтері мен табиғи монополия­лар­ға бақылау жасау бойынша шешуші шараларды қа­был­дауға нақты назар аударылған.

Өзекті мәселелерге назар аударылған - Раду Магдин

Қазақстанға жаһандық бәсе­келестікті сезіну қажет. Өйткені біз стратегиялық бә­се­келестік әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан жаң­ғыру, тиімді реформаларды іске асыру маңызды.

Негізінде, экономикалық саясаттың басты элементі ре­тінде экспортқа бағдарланған индустрияландыруды атауға болады. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасының ма­ңызды бөлігі, сондықтан осы бағытты капиталдандыру өте өзекті.

Болашақта бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қыл­мыстық қудалаудың қатерінен қорғауды күшейту қажет. 

Назарбаев Университет аясында жасанды интеллект технологиясын дамытуға арналған қозғаушы күштердің бірі бола алатын төртінші индустриялық революцияны дұрыс іске асыру маңызды.

Маған «Астана» ха­лық­ара­лық қаржы орталығының дамуына баса назар ауда­рыл­ғаны ұнады. Орталық бизнес­ке шетелдік инвестициялар мен капиталға қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнау үшін қосымша адам ка­питалын пайдалану арқылы бә­секеге қабілетті болуы керек.

Жолдауда білім беру саласына баса көңіл аударылуын өте тиімді қадам деп есеп­­теймін. Бұл орайда білім беру­­дің барлық бағыттарына әлем­дік деңгейдегі профес­сор­лардың назарын аудару керек.

«Азаматтардың сұра­нысына бейімделген мем­ле­кеттік аппаратты» ескере отырып, «элек­тронды үкіметті» қол­дану мүмкіндігі пайдалы болады және ол болашақта электрон­ды үкімет саласында Қазақ­стан­ды аймақтағы көшбасшы елге ай­налдыруға мүмкіндік береді.

Мені, Жолдауда айтыл­ған­дай, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру кеңсесін құру және оған тиісті мандат беру мәселесі қызықтырды.

Елді дамытуға жастардың белсенді қатысуы бас­ты фак­тор болып табылады. Пре­­зи­денттің тапсырмасы негізінде болашақ саясат­кер­лердің буы­ны қалып­тасуы тиіс. Бұл бағыттағы жұ­мыс­тар­дың нәтижелі болуына көш­бас­­шы­лық бағдарламалар, соның ішінде индустриялық бағ­дарламалар өз көмегін тигізе алады.

Раду МАГДИН,

халықаралық сарапшы (Румыния