Кездесудің небәрі 4-минутында Якуб Поважанец есеп ашып, алаң иелерін алға жетеледі. "Яблонецтің" алғашқы минуттардағы қарқыны елордалықтардың зәресін алғаны анық. Алайда, қарсыластық қарқыны 11-минутта су сепкендей басылды. Себебі, Джуниор Кабананганың пасынан кейін Педро Энрике баспен керемет гол соқты. Ойын осылайша тең аяқталып, екі команда бір бір ұпаймен тарасты. Енді 8-қараша күні осы екі ұжым "Астана Аренада" қайта кездеседі.
Айта кетуіміз керек, топтағы екінші ойында "Динамо" Киев сырт алаңда "РЕННді" 2:1 есебімен жеңді. Дегенмен, елордалықтар топтағы алғашқы орынды сақтап қалды.
"Астана" 5 ұпай
"Динамо" 5 ұпай
"РЕНН" 3 ұпай
"Яблонец" 2 ұпай