Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Жолдауға қолдау білдіруде

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент депутаттары Мемлекет басшысының «Қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын аймақтарда талқылап, насихаттау мақсатында аудан, қалаларда түрлі кездесу мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Жолдауға қолдау білдіруде

Алматыда Мәжіліс Төр­аға­сының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының же­текшісі Гүлмира Исимбаева, депутаттар Гүлнар Ық­санова мен Ольга Шишигина «ЭФКО АЛ­МАТЫ» зауытына барды.

Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында Гүлмира Исимбаева ком­па­нияның бәсекеге қабілетті өнім шығару және оны сыртқы нарыққа жет­кізу бо­йынша жетістіктерін атап өтті.

Сапар аясында депутаттар «Ұлт­тық мемлекеттік ғылы­ми-тех­ника­лық сараптама орта­лығы» АҚ-ға да бар­ды. Орта­лықтың жұмысы ғы­лыми, ғы­­лы­ми-техникалық және инно­­ва­ция­лық жобалар мен бағдар­­ламалар ­сараптамасын басқа­ру­дың, тәуелсіздігінің, ашық­ты­ғы мен жариялылығының бірың­ғай­лығын қамтамасыз етеді. 

Ал Түркістан облысында Мәжіліс депутаттары Ман­сұр­хан Маханбе­тов пен Сәкен Қаныбеков және Сергей Зволь­ский Жолдаудың негізгі басым­дықтарын тереңірек түсіндіру мақсатында «Нұр Отан» партия­сы Сайрам аудандық филиа­лы­ның активімен кездесті.

Кездесуде Жолдауды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалып, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы аудандық филиалдың бірінші орынбасары Мария Қалыбаеваның есе­бі тыңдалды. Жиынға партия белсенділері, атқарушы билік өкіл­дері мен құқық қорғау ме­кемелерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйым жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақ­стан об­лы­сындағы жұмыс сапары аясында Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары Сапар Ахметов, Петр Шарапаев және Бе­рік ­Ос­па­нов Аққайың ауданына барды. 

Аудандағы «Полтавское» ЖШС қызметкерлерімен, Пол­тавка орта мек­тебінің ұжымымен және ауыл тұр­ғындарымен кездесуде депутаттар Елбасы Жолдауын талқылады.

«Полтавское» ЖШС еңбек ұжымы­мен өткен іс-шара өнім экспортының көлемін ұлғайту және агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін іске асыру мәселе­леріне арналды. 

Мұғалімдердің беделі және бюд­жет­тік қызметкерлердің жа­лақысын көте­ру туралы мә­жі­ліс­мендер Пол­тавка орта мек­те­бі­­­нің ұжымымен кездесуде айтты. 

Ақпараттар «Егемен Қазақстанның» өңірлердегі тілшілерінен алынды.