Руханият • 26 Қазан, 2018

Әулиеатаға аялдаған керуен

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Алматы облысының «Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне» атты рухани керуені Әулиеата өңіріне келген болатын.

Әулиеатаға аялдаған керуен

 

Ежелден Әулиеата атанған тарихи мекеннің шертер сыры көп. Жетісулықтар әуелі облыс орта­лығын­дағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде болып, екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың тарихын тамашалады. Мұнда келу­ші қонақтарды Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасына қарасты «Тарихи ескерт­кіш­терді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» тарих және археология бөлімінің басшысы Сауран Қалиев Тараз қаласының ежелгі орынымен таныстырды. Мыңдаған жылдар бойы сақ­талып келген алып қорғандар, құн­ды жәдігерлер турасында мағлұмат берді. Сонымен қатар, жетісулықтарға «Көне Тараз» кешенінің аумағындағы ерте ислам дәуіріндегі мешіт тарихын, Тараз жерінде болған әйгілі Атлах шайқасын, балбал тастардың тағ­дырын әңгімеледі. 

Бұдан кейін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастаған жетісу­лық­тармен кездесті. Өз кезегінде әкім қос өңірдің тағылымға толы терең тари­хы туралы сөз қозғап, бүгінгі таңда Жеті­су және Әулиеата өңірлерінің ара­­сын­­дағы мәдени байланыстың берік екеніне тоқталды. Сонымен қатар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­масы­ның маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Алматы облы­сы­ның құрметті азаматы, әйгілі «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақ бейнесін сомдаған актер Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзге де азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті.

Жалпы, Жамбыл өңірі дегенде Ақыртас, Төрткүл кешендері мен Қара­хан, Айша бибі, Дәуітбек кесенелері сияқты тарихи нысандар еске түседі. Бұл орайда жетісулық рухани керуен мүшелері Жамбыл облысының осындай тарихи-мәдени жерлеріне саяхат жасап, тағылымды орындармен таныс­ты. Әрбір нысанның тағдыры мен тарихы туралы әңгімеге қанықты.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы