Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Қауіпсіздік мәселелері талқыланды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің (ҚОБК) 45-отырысы өтті. Алқалы жиын­да қауіпсіздік саласындағы ортақ мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары сараланды.

Қауіпсіздік мәселелері талқыланды

 Іс-шараға Әзербайжан МҚҚ, Армения ҰҚҚ, Беларусь МҚК, Қа­зақ­стан ҰҚК, Қыр­ғыз­стан МҰҚК, Ресей ФҚҚ, Тәжікстан МҰҚК және Өзбек­стан МҚҚ бас­шылары бастаған де­легация­лар қатысты. Одан бас­қа, шақырылғандар ретінде Әзер­байжан, Қазақстан және Ресей Сыртқы барлау қызметтерінің, сондай-ақ ТМД Атқару комитеті мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Террорға қарсы орталығының өкілдері қатысты.

Достастық елдерінің қа­уіпсіздік органдарының қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық және практикалық өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Халықаралық терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрес және кибер­қауіпсіздік саласында ынтымақтастықты күшейту қажеттігі аталды.

Арнаулы қызметтер өкілдері ірі халықаралық іс-шаралар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша өзара тәжірибе алмасты. Басқосу қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен оларды іске асыру мәселелеріне негізделген нақты мақсаттар айқындалды. 

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ