Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Қоғам балалар қауіпсіздігіне алаңдаулы

754 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Шәкіров Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерген мектепке дейінгі мекемелердің қызметіндегі мәселелерге байланысты үндеу жолдады. 

Қоғам балалар қауіпсіздігіне алаңдаулы

«Мемлекет басшысы ба­ланың тұлға ретінде қалып­тасуында мектепке дейінгі кезеңнің маңыздылығын атап өтіп, балалардың дамуына, балаларға арналған мекемелерде олардың қауіпсіздігі мен мазмұнды тәрбиелеуін қам­тамасыз етуге ерекше назарын аударды. Президент бір жыл бұрын Парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде әлеуметтік саладағы мемлекет-жекемен­­шік әріптестігі шеңберінде мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуге шақырды.

Аталған саладағы шағын және орта бизнесті дамыту­ үшін жасалған тиімді жағдай­лар жеке балабақшалар санын көбейтуге және мектепке де­йінгі жастағы балаларды­ 2,5 есе көбірек орынмен қам­та­­­­масыз етуге мүмкіндік бер­­­­ді. Бүгінде 3-6 жастағы ба­ла­лардың 95%-ы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқу­мен қамтылған.

Сонымен қатар бірінші кезекте, жеке балабақшалардың қызметін талдау нәтижелері Мемлекет басшысының ба­­­­ла­­бақшаларға қатысты алаң­­­­­­даушылығын растайды.­ Атал­ған мәнмәтінде мек­теп­ке дейінгі мекемелер­ пер­соналының олардың тәр­биеленушілеріне қатысты қа­тыгез қарым-қатынасы жиі­леп кеткенін атап өту қа­жет.­ Мұны бұқаралық ақ­па­рат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі бейне­жазба­мен расталған жарияланымдар, сондай-ақ Омбуд­с­­мен мекемесінің атына ке­ліп түсетін азаматтардың шағым­дары куәландырады.

Астана қаласындағы «Асыл»­­ ба­лабақшасында, Ал­­­­­ма­ты қаласындағы «Сим­­ба» балабақшасында, Пав­лодар облысының Ақсу қа­лалық балабақшасында, сондай-ақ басқа да мектеп­ке дейінгі мекемелерде орын­ алған бір­қа­тар оқи­ға­лар кең ауқымда қоғамдық резо­нансқа ие болды. Те­мір­тау қаласындағы бала­бақшада орын алған зорлық-зомбылыққа қатысты оқи­ға­ның бейнежазбасы­ отан­дық БАҚ-та ғана емес, Ресейдің орталық телеарнасының эфи­рінде де талқыланды.

Жоғарыда көрсетілген фак­­тілерінің кең ауқымды гео­гра­фиялық және мезгілдік маз­мұны балаларға арналған меке­мелердің қызметіндегі жү­йе­лі проблемалардың бар­­ екенін және оларды­ ше­­шу бойынша тиімді ша­ра­­лардың жоқтығын ай­қы­н­дайды. Аталған мән­мәтінде көп жағдайда балабақ­ша­лардың әкімшілігі еш жа­уап­­кершілікке тартылмай­ты­ны және өз қызметін бұ­рын­ғы ре­­жім­де жалғастыра беретіні назар аудартады. Ақмола об­лы­сында балабақша тәрбие­шісінің туберкулезбен ауы­ра­тынының анықталуы жо­ға­рыда көрсетілгенді растай­ды. Денсаулық сақтау минис­­тр­­лігі Бас санитарлық дә­рі­ге­рінің аталған факті бо­йынша бұқаралық ақпарат құ­ралдарында келтірген дә­йек­­­тері проблеманың ма­ңыз­дылығын толық ашып көр­сетпеген. Президенттің Жол­дауында балабақшалар қыз­­меткерлеріне қатысты бі­лік­тілік талаптарын қайта қа­рау туралы айтылған тапсыр­­­­­масы өте маңызды және  дер кезінде көтеріліп отыр», делін­ген Омбудсмен үн­де­уінде. 

Жоғарыда айтылған мәсе­ле­лерге байланысты Омбуд­с­­мен бейінді ведомствоға тиіс­ті «жол картасын» әзірлеу ке­зінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызмет­ті ли­цензиялауды алып тас­тау ісін жан-жақты талдау­ды ұсынған. Өйткені, бұ­ған дейін лицензиялауды­ жойған нормативтік-құ­қық­­­­­тық актілерді қабыл­дау­ кә­сіп­керлікті ынта­лан­­дыр­ға­нымен, балабақ­ша­лар­да­ғы қалыптасып отырған жағ­дайларды күрделендіріп отыр. 
Сондай-ақ мектепке де­йінгі мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғам өкілдерінің тұрақты мониторинг жүргізуін жақсарту туралы ұсыным берілді.

Дайындаған Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»