Қазақстан • 26 Қазан, 2018

Семейде «Шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясы өтті

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы қалалық Мәдениет үйінде жас толымды шығарып салуға арналған «Шақырылушы күні» салтанатты шарасын ұйымдастырып, өткізді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Семейде «Шақырылушы күні» әскери-патриоттық акциясы өтті

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационал жауынгерлер, Қарулы Күштердің ардагерлері, «Жас ұлан» мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері, Семей қаласы әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, қаланың жалпы білім беру мектептері мен колледждерінде білім алып жатқан шақыруға дейінгі жастар, қала әкімдігінің білім және ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

Қарулы Күштердің ардагерлері, ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметшілер сөз сөйледі. Іс-шара соңында шақырылушылар мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың күзінде Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1992-2000 жылдары туылған 17 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар