Күрес • 27 Қазан, 2018

Әлем чемпионатында қос балуанымыз қола медаль үшін күреседі

126 реткөрсетілді

Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келі салмақтағы Айдос Сұлтанғали мен 67 келіде күрескен Мейіржан Шермаханбет қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, екі балуанымыз да жартылай финалда ресейлік балуандардан ұтылды. Айдос финалдық жолдаманы биылғы Еуропа чемпионы Сергей Емелинмен сарапқа салып, 0:9 есебімен ұтылды. Ал, Мейіржан Артем Сурковқа 1:3 есебімен есе жіберді.

Қола медаль үшін өтетін белдесулер ертең өтеді. Балуандарымыздың қарсыластары да ертең жұбаныш белдесулерден кейін анықталады.

Сондай-ақ, бүгін бозкілемге 87 келі салмақтағы Азамат Құстыбаев та шыққан еді. Азамат алғашқы белдесуінде ресейлік Бекхан Оздоевтан жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Өкінішке қарай, Демеу Жадраев (72 кг) пен Мақсат Ережепов (82 кг) жұбаныш белдесулерін сәтсіз өткізіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік ала алмады. Демеу ресейлік Абуязид Манциговтен ұтылса, Мақсат Беларусь балуаны Виктор Сосуновскийге тізе бүкті.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар