2018 жылғы 28 қазанда Түркістан облысын, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының 14 өңірінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Сайлау 83 сайлау округінде, оның ішінде 12 облыстық, 9 қалалық және 62 аудандық мәслихаттардың округтерінде өтті.
Сайлауға 14 облыстық, 8 қалалық, 46 аудандық, 83 округтік, 326 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.
Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 284 кандидат ұсынылып, олардың ішінен барлық деңгейдегі мәслихаттарға 252 кандидат тіркелген.
7 кандидатты тіркеудің күшін жойғаннан кейін 245 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Орташа бәсекелестік шамамен 1 депутаттық мандатқа
3 кандидаттан келеді (2,95), дауыс берушілердің саны 69,9%-ды құрады.
Сайланған мәслихат депутаттарының 66-сы ер адам (79,5%), 17-сі әйел адам (20,5%).
Сайланған мәслихат депутаттарының орташа жасы – 47,4.
Сайлау науқаны республика сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті.
БАҚ-пен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім