Қазақстан • 30 Қазан, 2018

Театр тарихынан сыр шертеді

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы бейнелеу өнері мұражайында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының тарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер көрмесі ашылды.  

Театр тарихынан сыр шертеді

Көрермен назарына 300-ден астам жәдігер ұсынылды. Олар­дың арасында картиналар, әртістердің портреттері, түрлі жылдардағы аңдатпалар, театр туралы мақалалар жа­рық көрген журналдар, кос­тюмдер мен фотосуреттер бар. Сонымен қатар көрмеге ке­­­лушілер мадақтамалар мен театр ашылғанда табысталған алғашқы символикалық кілт­терді тамашалай алады.

– Театр үшін 45 жыл – бүтін­дей бір дәуір. Осы уақыт ара­­лы­­ғында театрда қан­шама мық­ты тұлғалар еңбек етті. Біз олармен бірге жұмыс істе­генімізді мақтан тұтамыз, – деді музыкалық комедия теа­тры­­­­ның директоры Амантай Ыбраев. – Сонымен қатар біз жа­ңа есімдерді ашамыз. Жыл сайын бізге көптеген жас талант­тар келеді. Жақында теа­тр­да ха­лықаралық оперетта және мюзикл фестивалі ашы­­ла­­ды. Ал 16 қарашада театрымыз көрер­мен­дермен және жан­күйер­­лермен бірге өзінің 45 жыл­­­дық мерейтойы­н атап өтеді.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры өзі­нің бiрiншi театр маусымын 1973 жылдың 16 қарашасында И.Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасымен ашқан. Театр өз тарихында гас­троль­дік сапармен Қыр­ғызстан, Ре­сей, Украина, Бе­ла­русь, Тәжік­стан, Қытай ел­де­рінің 200-ден ас­там қала­сында өнер көрсетті. Өнер ұжымының репертуарынан 280-нен астам қойылым орын ал­ған. Оның ішінде заманауи және әлемдік классикалық опе­рет­та­ның жауһар туындылары бар.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ