Руханият • 30 Қазан, 2018

Рухани жаңғыру – бәсекелестік кілті

1734 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін бергендігін атап өтті.  

Рухани жаңғыру – бәсекелестік кілті

Елбасы бұл бастаманы әрі қа­рай жалғастырып қана қой­май, оның аясын жаңа маз­мұн­мен және бағыттармен толық­тыру қа­жеттігін, жастар мен отбасы инс­титутын кешенді қол­дау мем­ле­кеттік саясаттың басым­ды­ғы­на айналуға тиіс екендігіне тоқталды.

Расында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы – еліміздің идеологиялық да­муы­ның жарқын жолының нақты қадамдарын көрсетіп, көре­генді ой, батыл шешімдерге бағыт­тай­тын бастама болды. Аталған бағдарламада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік маңызды құндылықтармен үйлестіріп, Отанымыздың болашағына жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы айтылды. Президент өз бағдарламасында жаңғыру үшін қайта айрықша маңызды екі про­цесті ұсынған болатын-ды. Бі­ріншісі – экономикалық жаң­ғы­ру, екіншісі – саяси реформалар арқылы біртұтас ұлт болу жө­нін­дегі алысты болжайтын көзқарас.

Елбасы Жолдауында келесі жылдың «Жастар жылы» болып жарияланатыны айтылып, оның аясында бірнеше бастаманы жүзеге асыру ұсынылды. Міне, «Ру­хани жаңғырудың» жаң­ғы­рығы жастарға бағытталған бас­тамалар арқылы Елбасы Жол­да­уында көрініс тауып отыр. Атал­ған бастамаларға жұмса­ла­тын қаражаттың қайтары­мы жыл­дам, ал әсері көп болатын­ды­­ғы­на менің ешқандай күмәнім жоқ. 

Жалпы, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға бағыт­талған «Рухани жаңғыру» идея­сы, «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары стратегиялық бағ­дарламалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейін­гі тұрақты дамуының 17 мақса­ты­мен толық астасып жатыр. 

Қорыта айтсақ, бұл міндет­тердің бірі – сапалы білім беру. Себебі сапалы білім – ғылым­ның іргетасы, ал бәсекелестікке қабі­леттілік – мемлекеттің әрі қарайғы дамуының кепілі.

Бүгінде «Рухани жаңғыру» ұлттың руханиятқа, білімге, ғы­лымға тартылу жылдамдығын қозғайтын күшке айналды. Бұл негізінен егеменді еліміздің ба­­қыт­ты болашағы мен алаңсыз ке­лешегін қамтамасыз ету үшін қажет. Бізге бәсекелестікке қа­бі­летті болу үшін, бүгіннен бас­тап қажетті қасиеттер мен құн­ды­лық­тар бар ақылды-па­расатты, ғаламдық ғылымды игерген адамдарды тәрбиелеуді қолға алу керек. Әрине оның нәтижесі елі­мізді өркениетке, бәсекеге қабі­леттілікке жетелейтіні сөзсіз. Сол себепті Елбасы: «Бола­шақ­­та ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адам­дарының бәсекелік қа­бі­леті­мен айқындалады. Сон­дық­тан әр­бір қазақстандық, сол арқылы тұ­тас ұлт ХХІ ғасырға лайық­ты қасиеттерге ие болуы керек. Мы­салы, компьютерлік сауат­ты­лық, шет тілдерін білу, мәде­ни ашықтық сияқты факторлар әр­­кімнің алға басуына сөзсіз қа­жет­ті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифр­­лы Қазақ­стан», «Үш тілде білім беру», «Мә­дени және конфес­сия­­аралық ке­лісім» сияқты бағ­дарла­малар – ұлты­мыз­ды, яғни барша қазақс­тан­дық­тарды ХХІ ғасырдың талаптарына даяр­лаудың қамы», деген еді. 

Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғы­лымда, технологияда, яғни бар­лық салада болуы тиіс. Бәсеке бол­ған жерде әрбір тұлға өзінің қыз­метінде аянып қалмайды. Де­мек, жастарға үміт артылатын да осы кез. «Жастар жылы» осы бә­се­кеге қабілеттілікті дамыта түсу үшін жастарды оқыту, тоқы­ту үдемелі сипатқа ие болары анық. 

Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар-ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды» деп тұжырымдаған еді. 

Оған қоса бүгінгі күні елі­міз­дің алдында әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу мін­деті тұр. Ал экономика мен ғы­лымның өркендеуіне елдің жоғары білім беру саласы қозғау­шы күш екені бәрімізге белгілі. Жалпы, бәсекелестік тек білім беру саласындағы бәсекелестікті ғана емес, ол мемлекеттің әлем елдерімен қатар барлық салада бәсекеге қабілеттілігін жолға қоюды көздейді. Ал бұл бағыт жастардың жоғары білім алуымен, қоғамға қажетті еңбек на­рығындағы сұраныстарын өтеу­мен, әлемдік талаптарға сай құ­қық­тық реформаларымен, ең­бек­қорлығымен айқындалады.

Би­ылғы Жолдауда жас­тардың барлық санатын қолдауға ар­налған шараларды толық қам­ти­тын әлеуметтік сатының ауқым­ды платформасын қалып­тас­тыру керектігі айтылды. Қа­зірдің өзінде жоғары оқу орын­дарындағы білім мен тәрбие жү­йесі Елбасының парасатты па­йымдарын негізге ала отырып, қарқынды түрде жүзеге асуда. Демек, болашаққа бағдар ретін­де жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құ­рамы және осы оқу орында­рын­да білім алып жатқан жас­тарымыз Елбасының сөздерін өмірлік мақсат қылып, еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интел­лектуалдық дәрежесінің жоға­рылауына өз үлестерін қосулары керек. Жастарымыздың интеллектуалды көрсеткіштері тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлт­тық тәрбиесімен, рухани жаңғы­руы­мен де тікелей байланысты. 

Асылбек СМАҒҰЛОВ,

Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор