Әдебиет • 30 Қазан, 2018

«Алтын қалам» жетінші рет жылдың үздік қаламгерлерін анықтады

5931 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Конкурстың соңғы қысқа тізіміне әрбір жанр бойынша бес шығармадан енгізілді.

«Алтын қалам» жетінші рет жылдың үздік қаламгерлерін анықтады

Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал ARTиШОК театрында өтті.

Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына» берілді. Бас жүлде 1 млн теңгені ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені прозалық және сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбырайым жеңіп алды.

Айта кететін жайт, қазақ әдебиетінің жанашыры, танымал меценат Олжас Құдайбергенов биыл фантастика жанрында жазылғн үздік шығармаға өз атынан 1 млн теңге қаржылай сыйақы тағайындады. Қомақты ақшаны белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп жеңіп алды.

Бізді қолдағандар: “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы, "Русское радио Азия",HALYK GROUP, Қазақстан баспасөз клубы, "КТК", "31 телеарна", "Меломан" сауда желісі, "Qamshy.kz" ақпарат агенттігі, "Massaget.kz" жастар порталы, "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспасы.

Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының ортасына дейін қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берді. Сайысқа түскен барлық шығарма жүлденің www.akalam.kz ресми сайтына орналастырылды. Оқырмандардың қолдауы және қазылардың таңдауы бойынша әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Алтын қалам 2018» жүлдесінің жеңімпаздары:

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ» - Есболат Айдабосын (Талдықорган)

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ» - Дүйсен Кеңес

(Алматы)

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ «ДАРАБОЗ» - Бекен Ыбырайым (Алматы)

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ» - Қанағат Әбілқайыр (Алматы)

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВІ» - Нұртөре Жүсіп (Астана)

«ҚАЗАҚТЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ» - Айдын Кәлімхан (Талдықорған)

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» - Дулат Исабеков

«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА» - Калмагамбетова Лариса (Алматы)

«ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА» - Валуйских Дина (Караганда)

«ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА “Дарабоз» - Айзакова Жанаргуль (Алматы)

«ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ» - Теплухин Аркадий (Алматы)

«ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВЫ ГОДА» - Бычков Николай (Усть – Каменогорск)

«ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА» -Кольченко Лариса (Петропавлоск)