Аймақтар • 01 Қараша, 2018

Атырауда еуростандартқа сәйкес қоқыс жәшіктері салынады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта 120 жаңа жәшік қалаға әкелініп, орнатуға дайындалуда,  деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда еуростандартқа сәйкес қоқыс жәшіктері салынады

Осылайша облыс орталығында ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де қоқыс алаңдарының болмау мәселесі шешіледі.

«Арнаулы автобаза»  ЖШС басшылығының айтуынша,  қазіргі уақытта қалада 700 алаңда 3600 қоқыс жәшігі орнатылған.  Күн сайын қоқыс полигонына екі ауысымда 300 тоннаға дейін қоқыс тасылады.

- Атырау қаласының әкімдігі 222 жаңа еуро стандартты қоқыс жәшіктерін сатып алды, бүгін олардың 120-ы қалаға әкелінді және орнатуға дайындық жүріп жатыр, ал қалған 102 жәшік осы аптаның соңына дейін қабылданады. Біз оларды облыс орталығының орталық көшелерінде орнатуды жоспарлап отырмыз. Ескі қоқыс жәшіктері  жөнделіп, қала маңындағы ауылдық округтерге орнатылды, - деп мәлімдеді «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуов.

Атырау қаласын санитарлық тазалаумен айналысатын кәсіпорын  «Арнауды автобаза» ЖШС-де 280 қызметкер жұмыс жасайды  және  теңгерімде  150  арнайы техника бар, оның 50-і қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысады.