Бұл сенбі күні түнде Сицилиядағы Кастельдачиа қаласында болған.
Апат кезінде үй ішінде болмаған отбасының үш мүшесі ғана тірі қалды: балалардың әкесі бір баласын алып сыртқа шығып кеткен, ал 10 жасар бала ағашқа мініп үлгеріп, аман қалды.
Сицилияның басқа аудандарында тағы үш адам көз жұмды, олардың көліктері қатты су ағыны кезінде шайылып кеткен.
Италияның басқа аймақтарында қолайсыз ауа-райы мен жауын-шашын салдарынан 17 адам қаза тапты.
Венето провинциясының солтүстік аймағындағы Беллуно қаласының маңында ең қатты қираулар орын алды, онда дауылдың салдарынан көптеген ағаштар құлады.
Елдің алты өңірінде – солтүстіктегі Венетодан, оңтүстіктегі Сицилия мен Сардиния аралдарына дейін ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту сақталады.
EURONEWS-тің хабарлауынша, Италиядағы апат құрбандарының саны 30 адамға жетті.
Венецияның тарихи бөлігінің 75%-ы әлі күнге дейін су астында, оның ішінде әлемге әйгілі Әулие Марка алаңы да бар.
Айта кетейік, алдыңғы жексенбіде қолайсыз ауа райы Италияның көптеген аудандарына жетіп, қауіптіліктің «қызыл» (ең жоғары) деңгейі елдің солтүстігіндегі бірнеше облыстарда жарияланғанын туралы хабарлағанбыз.