Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 7-30 қараша аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің (ҚР МАСО) қатысуымен, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Төлепберген Әбдірашевтің 70 жас мерейтойына арналған халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді.

Осы айтулы шараның мәртебесін биіктетіп, әріптес-досын, ұстаз-тәлімгерін еске алу үшін әлемге әйгілі академиялық деңгейдегі кәсіби музыканттар, дарынды тұлғалар Алматыға арнайы шақырылды. Бүгінгі таңда Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр ұжымын басқаратын Т.Әбдірашевтің шәкірті Қанат Омаров: «Бұл фестиваль маэстроның шығармашылық және ағартушылық еңбегіне тарту болмақ. Бетховенның, Брамстың, Шопеннің, Малердің, Рахманиновтың және Шостаковичтың шығармаларының басын қосатын концерттік бағдарлама ұсынамыз. Көпшіліктің көңілінен шығатынына сенемін», - деді.
Фестивальге Ла Скала және Париж операсымен, Гевандхаус оркестрімен, Дрезден мемлекеттік капелласымен бірге қызмет еткен Михаил Юровский, Ресейдің Халық артисі, Ярослав академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Л.Собинов, И.Архипова сыйлықтарының лауреаты Мурад Аннамамедов, Мәскеу консерваториясының фортепиано кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу сыйлығының лауреаты (2011) және Жапония «Күн шығыс» орденінің кавалері Михаил Воскресенский, Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, белгілі қазақстандық пианист, көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, 2011 жылы Германияның «Deutscher Pianistenpreis» конкурсында үздік пианист болып танылған Амир Тебенихин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Омаров сияқты әлемдік деңгейдегі дирижерлар мен орындаушылар қатысады.
Төлепберген Әбдірашев Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің, Қазақ опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, 1979-1982 жылдары Қазақстанның мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры болды.
1977 жылы Батыс Берлинде өткен «Герберт фон Караян қоры» халықаралық дирижерлер конкурсында құрмет дипломын алған. Бүкілодақтық «Ленин комсомолы» сыйлығының лауреаты, ҚазақССР «Еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жаңақорғанның «XX ғасыр адамы» атанды. Ол көптеген талантты жастарды тәрбиеледі. Оқушылары арасында Қ.Ахметов, Ж.Жұмабеков, А.Бөрібаев, А.АӘбдінұров, Е.Ахмедияров, А.Оразғалиев, Е.Нұртазин, Қ.Омаров сияқты атақты дирижерлар бар. Маэстроның кәсіби шеберлігін әлем жұрты мойындаған. АҚШ, Англия, Германия, Корея, Түркия және басқа да елдердің симфониялық оркестрлерімен өнер көрсеткен.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Алматыда академик Валентина Жұмағұлова атындағы дәрісхана ашылды
Руханият • Бүгін, 13:34
Алматыда 128 мыңнан астам оқушы қазақ тілінде білім алады
Руханият • Бүгін, 13:25
Алматы әкімі зияткерлік және шығармашылық олимпиадалардың жүлдегерлерін құттықтады
Руханият • Бүгін, 13:19
«Ел бірлігі – 2019» марапаттау салтанаты өтті
Руханият • Бүгін, 13:14
Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Руханият • Бүгін, 11:58
Аударыспақ спорты жастарды күштілік пен төзімділікке тәрбиелейді
Спорт • Бүгін, 11:51
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Бүгін, 10:26
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 09:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:40
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Бүгін, 09:38
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Бүгін, 09:15
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар