Азамат Батырқожа 1972 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.
1993 жылы Н. И. Крылов атындағы Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, 2005 жылы «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» ААҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары — Дүниежүзілік банк жобасы «Технологияларды коммерцияландыру» жобаны басқару тобының директоры.
2014–2017 жылдары — ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.
2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Синергия» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-де директор қызметін атқарған.