Қазақстандық делегацияны Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Тауболды Үмбетбаев, ал ирандық делегацияны Иран Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Әли Асғар Мохаммади басқарды. Өткізілген іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, тараптар өзара консулдық-құқықтық және визалық қатынастар, оның ішінде екі ел аумақтарындағы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін жан-жақты талқылады. Қазақстандық көлік компанияларының жүргізушілеріне әр жолы 30 күндік мерзіммен болу құқығы бар 1 жылдық визаларды беру туралы келісті.
Қазақстан мен Иран арасындағы консулдық консультациялардың сегізінші отырысының екі күндік жұмысы нәтижесінде тараптар тиісті Хаттамаға қол қойды.