Президент • 19 Қараша, 2018

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Мем­ле­кеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің баспасөз қызметі.

Елбасы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Татар­стан Республикасының Мемле­кеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Сіздің сенімді тірегіңіз, өмір­лік серігіңіз және балалары­ңыз­дың анасы Сәкина Шәкір­қызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Сізге және отбасыңызға ор­ны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.
Сәкина Шәкірқызының жар­қын бейнесі татарстандық­тар­­дың жүрегінде әрдайым сақ­та­ла­ты­нына сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35