Аймақтар • 19 Қараша, 2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

647 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының «Береке» ықшам ауданында жаңа шіркеу бой көтерді.

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

Ғибадатхананың ашылу рәсіміне аймақ басшысы Құмар Ақсақалов пен Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты. Құмар Іргебайұлы мінәжат етушілерді айтулы оқиғамен  құттықтап, облыстағы дінаралық татулықтың маңыздылығын атап өтті.

«Елбасы ұлтаралық және дінаралық татулыққа үнемі көңіл бөледі. Облыста мешіт, шіркеу, костелдердің үйлесмді орналасқанын көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – ұлтаралық, конфессияаралық бірлігімізді сақтау», деді  Қ. Ақсақалов.

Бұл – облыс орталығындағы бесінші шіркеу.  Гагарин және Залманов көшелерінің қиылысында бой көтерген шіркеу 257  шаршы метрге жерге орналасқан. Жүз адамға лайықталған. Оның құрылысы 2016 жылы басталып, 350 миллин теңге жұмсалды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы