Қазақстан • 19 Қараша, 2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

113 реткөрсетілді

Қалалық жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қазан айында өткен «Қауіпсіз жол» акциясында 2500-ге жуық құқықбұзушылық анықталыпты. Анықталғандай,  452 жүргізуші ұялы телефон қолданса, 7-і жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 328-і қауіпсіздік белдіктерін тақпаған.

Ал, 63 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізіп, 186 жүргізуші бағдаршамға қарамай өтіп кеткен. Нәтижесінде, «Қауіпсіз жол» шарасы барысында 123 көлік  айыппұл тұрағына жеткізіліп, жаяу жүргіншіге қатысты 521 факті тіркелген.

Екінші рет  29 қазан мен 2 қараша аралығында «Назар аудар, жаяу жүргінші!» жедел алдын алу шарасы өткізіліпті. Нәтижесінде, жол қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің көмегімен 325 құқықбұзушылық анықталған.

Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 600-бабы бойынша 35 адам жауапқа тартылған, 9 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізсе, 65 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Үшіншісі, 18-20 қазан аралығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізіліп,нәтижесінде 56 әкімшілік хаттама толтырылған. Жол-көлік оқиғасына қатысты 129 сот ісі қаралыпты.

Полицей қызметі сонымен бірге,  облыс орталығы көшелеріне тағы да қосымша 14 бағдаршам орнату керек  деп отыр.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар