Олар Бразилияға барады
Кеше, жұма күні қазақтың бір топ өрені Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына аттанды. Бұлар – теңбіл доп тебудің қыр-сырын үйренуге бара жатқан қазақстандық жасөспірімдердің екінші тобы.
Ал өткен бейсенбі күні балаларға ақ жол тілеп, 9 айға созылатын ұзақ сапардың мән-жайынан хабардар ету үшін алматылық журналистер Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына жиналды.
Кеше, жұма күні қазақтың бір топ өрені Бразилиядағы Халықаралық футбол академиясына аттанды. Бұлар – теңбіл доп тебудің қыр-сырын үйренуге бара жатқан қазақстандық жасөспірімдердің екінші тобы.
Ал өткен бейсенбі күні балаларға ақ жол тілеп, 9 айға созылатын ұзақ сапардың мән-жайынан хабардар ету үшін алматылық журналистер Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына жиналды.
Қысқасы, 2 наурыз күні 15 жастағы 26 аяқдопшы Бразилияның «Оле Бразил Клаб» футбол клубының Халықаралық футбол академиясына оқуға аттанды.
Жоғарыда айтқандай, олар Бразилияда теңбіл доп тебудің шеберлік мектебінен өтеді, спорттағы қабілеттерін шыңдайды. Әлемнің айтулы футбол мектебінен алған тәлімін ұлттық футболмен ұштастырады. Мұнан кейін жас футболшылар Қазақстанда 3 айлық жазғы демалысын өткізіп, Бразилияға қайта сапар шегеді. Онда 3 жыл бойы дайындықтан өткен соң, кәсіби футболшы ретінде елге оралатын болады.
Мәселен, Бразилияның Халықаралық футбол академиясында тәлім алған алғашқы топтағы 1995 жылы туған қазақстандық жасөспірімдер 3 жылдық бұл оқу орнын өткен жылы аяқтаған еді. Олардың арасынан Рауан Сариев пен Берік Шайхов «Оле Бразил» клубының жасөспірімдер құрамасында өнер көрсетті. Бүгінгі таңда Рауан «Алтетико Манейро» клубында ойнап жүр.
Ал қалған 15 ойыншы Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін «Астана-64» командасының құрамында болса, өзгелері бұл күнде «Атырау», «Ақжайық», «Ақтөбе» футбол клубтарымен келісім-шарт жасасқан.
Бразилияға аттанған жас жеткіншектер мыналар:
Шыңғысхан Ахласов – қақпашы (Талдықорған), Олжас Мұқанов – қақпашы (Ақтау), Бекжан Тоқтарбай – қақпашы (Шымкент), Айсұлтан Сейдахмет – қорғаушы (Талдықорған), Айдар Құснадинов – қорғаушы (Ақтау), Руслан Әлімбаев – қорғаушы (Қарағанды), Болат Тыныбек – қорғаушы (Шымкент), Сергей Комаров – қорғаушы (Қарағанды), Әлібек Батырбеков – қорғаушы (Талдықорған), Владислав Васильев – қорғаушы (Қарағанды), Демият Сіләмбеков – жартылай қорғаушы (Алматы), Рүстем Әбідразақов – жартылай қорғаушы (Талдықорған), Мақсат Тәйкенов – жартылай қорғаушы (Ақтау), Фарух Мірсәлімбаев – жартылай қорғаушы (Тараз), Абай Сейфуллин – жартылай қорғаушы (Тараз), Мағжан Әбдеш – жартылай қорғаушы (Шымкент), Қуаныш Мұханбет – жартылай қорғаушы (Шымкент), Едіге Оралбай – жартылай қорғаушы (Шымкент), Асхат Садыров – жартылай қорғаушы (Тараз), Жасұлан Шұбаев – жартылай қорғаушы (Қостанай), Данияр Дәулетбаев – жартылай қорғаушы (Тараз), Айсабек Сәрсенғалиев – шабуылшы (Ақтау), Айболат Макуов – шабуылшы (Атырау), Әбілмәнсүр Рашатов – шабуылшы (Алматы), Мейіржан Қамбыл – шабуылшы (Шымкент), Ерназар Құмар – шабуылшы (Алматы), Манар Нүфиев – жаттықтырушы, Ерік Жанұзақов – үйлестіруші, аудармашы.
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.