Қазақстан • 23 Қараша, 2018

Жастарға арналған «археолог» лагері ашылады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдымыздағы жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жастарға арналған «археолог» лагері ашылады

- Біздер бірнеше жобаларды әкімдікке ұсындық. Егер олар қаржыланса, келер жылдан бастап жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, жастарға арналған арнайы археологиялық лагерь ашуды ұсынып отырмыз. Оқушылардан және студенттерден құралған топ 20 күн ішінде ортағасырлық көне Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, лагерде ғалымдармен кездесу, қасиетті нысандарға экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады,-деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Асхат Сайлау.

Бүгінде «Қазақстанның қасиетті нысандары» жобасы аясында облыстық мұражай «Қызылорда облысының киелі жерлеріне саяхат» жобасын жүзеге асырып жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы