Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, 13 мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Ресей, Беларусь, Испания, Бельгия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина және Қазақстанның 100-ден аса ойыншылары бақ сынауда. Солардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық шебер, 7 ФИДЕ шеберлері және 2 спорт шеберлігіне кандидаттар бар.
Жарыс ФИДЕ ережесіне сай швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Ол 10 турдан тұрады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»