07 Наурыз, 2012

Алда – кезекті доп додасы

243 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алда – кезекті доп додасы

10 наурыз күні футболдан Қазақстанның ХХІ чемпионаты басталады

Биылғы маусымға «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талды­қор­ған), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ас­­­­­тана» (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент), «Қай­сар» (Қызылорда), «Атырау» (Атырау), «Тараз» (Тараз), «Тобыл» (Қостанай), «Қайрат» (Алматы) пен бірінші лигадан өткен Көкшетаудың «Оқжет­­­­­пес», Орал­дың «Ақжайық» және Қас­­келең­нің «Сұңқар» командалары қаты­са­ды. Осы командалар жыл со­ңына дейін бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда екі реттен ойнап, чемпион және жүл­дегер командаларды анықтайды.

 

10 наурыз күні футболдан Қазақстанның ХХІ чемпионаты басталады

Биылғы маусымға «Шахтер» (Қарағанды), «Жетісу» (Талды­қор­ған), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ас­­­­­тана» (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент), «Қай­сар» (Қызылорда), «Атырау» (Атырау), «Тараз» (Тараз), «Тобыл» (Қостанай), «Қайрат» (Алматы) пен бірінші лигадан өткен Көкшетаудың «Оқжет­­­­­пес», Орал­дың «Ақжайық» және Қас­­келең­нің «Сұңқар» командалары қаты­са­ды. Осы командалар жыл со­ңына дейін бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда екі реттен ойнап, чемпион және жүл­дегер командаларды анықтайды.

Байқап отырсаңыздар, биыл­ғы маусымға бұрынғыдай 12 команда емес, 14 клуб қатысқалы отыр. Бұл да біздің чемпио­нат­тың жылдан-жылға қарқын алып, жанкүйерлердің өзіміздің жа­рыс­тарға қызығу­шы­лық­та­­­рын біл­­діріп жатқанын көрсетсе керек.

Ал биылғы маусымға коман­далардың дайындығын жақсы деп бағалауға болады. Өйткені, командалардың бәрі былтырдан бері жылы жақтарда оқу-жат­ты­­­ғу жиындарын өткізіп, қатар­ла­­­рын тәжірибелі ойыншылармен то­лық­тырып алды. Десек те, дәл қазір қай команданың ел чемпионы атанатынын, үздіктер қата­ры­на қай клубтың кіретінін айту қиын. Биылғы маусымда бірінші лигаға түсіп қалатын командаларды да болжап айта алмаймыз.

Қазір командаларға жергі­лік­ті бюджеттен және демеуші­лердің көмегімен тиісті қаражат бөліну­де. Оның себебі де тү­сі­нікті. Бәрі өз өкілдерінің қамын ойлап, үз­діктер қатарынан кө­рінгенін қалайды.

Мәселен, өткен жылғы чемпион «Шахтерді» алайық. Бұл команданы дамытуға бюджеттен 477 млн. теңге бөлінген. Оған «Арселор Миттал Темір­тау» мен «ENRC-Көмек» компаниясы да көмек қолын созып отыр. Сондай-ақ, Қызыл­орда­ның «Қай­сар» клубы да қал­тасын толық­ты­рып алды. Биыл командаға спорт­қа жаны ашитын облыс әкімдігі қомақты қа­ражат бөлген. Былтыр клуб­тың бюджеті 350 млн. теңге болса, биыл ол 574 млн. теңгеге жетті. Тағы айтатын нәрсе, облыста «Қайсардың» қамқор­шы­лар ке­ңесі жұмыс істейді. Оған кі­ретін облыс әкімдігі, үлкен компаниялар, кәсіпкерлер мен жекелеген демеушілер коман­да­ға қолдау көрсетіп отырады.

Басқа командаларға келсек, биылдан бастап премьер-лигада ойнайтын «Ақжайық», «Оқжет­пес» және «Сұңқар» клубтары да жаңа маусымға жан-жақты дай­ын­дықпен келді. Соның іш­ін­де оралдық команда өткен жы­­лы Қазақстан футбол феде­ра­циясы­ның премьер-лиганың командалар санын 14-ке кө­бей­­ту туралы шешіміне байланысты бірінші лигадағы төр­тінші орыннан  ілік­кен болатын. Осыны бағалай білетін команда би­ылғы маусымда премьер-лигада қалу үшін бар күш-жігерімізді саламыз деп отыр. «Сұңқар» мен «Оқжет­пес­тегі» жағдай да солай. Олар фаворит болмаса да аутсайдер бол­мауға күш салмақ.

Ал чемпионаттың фаворит­те­рінің қатарына былтырғы чемпион – «Шахтер», «Астана», «Же­тісу» және «Ақтөбе» командаларын жатқызуға болады. Сон­дай-ақ, өткен жылғы маусымды алтыншы орынмен ая­қ­­таған Шым­кенттің «Ордабасы» клубын да мықтылар қатарына қосқан жөн. Қазір олардың бәрі қатарын біраз тәжірибелі ойыншылармен то­лық­тырып алды. Мәселен, бұрын Қостанайдың көкмайса алаңда­рында ала доп­ты шірене тепкен Нұрбол Жұ­масқалиев «Астанадан» «То­­был­­ға», Азат Нұрғалиев «Ордабасыдан» «Жетісуға» қайта орал­­ды. Ал осы кезге дейін Түр­кияның «Диярбакырспор» клу­бын­да ойнаған Әли Әлиев болса, өзі­нің туған командасы – «Қай­рат­қа» емес, Павлодардың «Ер­ті­сі­не» келді. Осы коман­да­ның сапын тағы Ұлықбек Бакаев толық­тыр­ды. Сөйтіп, кезінде арабтар­дың қызыл ақшасына қызыққан өзбек легионері БАӘ-нің «Дубай клаб» командасында бір маусым ғана ойнап, Өз­бек­станға емес, Қа­­зақ­станға қайта келуді жөн көріпті.

P.S. Биылғы маусымда  ко­ман­­­далар «Танго 12» добымен ойнайтын болады. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының ресми добы кеше кешке «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогын сарапқа салған «Ордабасы» мен «Шахтер» командаларының ойынында сы­нақтан өтті.