13 Наурыз, 2012

Чемпион болудан гөрі чемпиондықты ұстап тұру қиын

338 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Чемпион болудан гөрі чемпиондықты ұстап тұру қиын

10 наурызда еліміздің ке­зекті футбол аламаны басталды. Биыл 21-ші рет өтіп отыр­ған чем­пио­наттың регламенті өз­гер­­­ді: был­тырғы мау­сым­­­­да командалар бі­рін­ші кезеңнен кейін 6 мық­­ты, 6 әлсіз болып бөлініп, бірін­ші­лікті әрі қарай бөлек жалғас­тыр­са, биыл 14 клуб класси­калық үлгі бойынша өнер көрсететін болды.

Футболсүйер қауым қазір демін іші­­не алып, та­қы­мын қысып отыр: бас­тал­ған чемпионат қандай дең­гей­де өт­пек, мық­ты­лар не істей алады, ел чемпионы – «Шахтердің» биылғы шамасы қа­лай екен деген сыңайдағы сұрақтар­дың оларды жиі мазалайтыны тү­сі­нікті.

 

10 наурызда еліміздің ке­зекті футбол аламаны басталды. Биыл 21-ші рет өтіп отыр­ған чем­пио­наттың регламенті өз­гер­­­ді: был­тырғы мау­сым­­­­да командалар бі­рін­ші кезеңнен кейін 6 мық­­ты, 6 әлсіз болып бөлініп, бірін­ші­лікті әрі қарай бөлек жалғас­тыр­са, биыл 14 клуб класси­калық үлгі бойынша өнер көрсететін болды.

Футболсүйер қауым қазір демін іші­­не алып, та­қы­мын қысып отыр: бас­тал­ған чемпионат қандай дең­гей­де өт­пек, мық­ты­лар не істей алады, ел чемпионы – «Шахтердің» биылғы шамасы қа­лай екен деген сыңайдағы сұрақтар­дың оларды жиі мазалайтыны тү­сі­нікті.

Ал еліміздің ең мықты коман­дасы­­ның бастығы Ерден ХАЛИЛИНМЕН арада болған әңгіме де осы та­қы­рып тө­ңі­регінде өрбіген болатын.

– Қарағандының «Шахтері» чемпион­дық атағын сақтап қалу үшін жаңафутбол маусымына тыңғылықты дайындал­ған шығар.

 

– Спортта мынадай белгілі қағида бар: «Чемпион болудан гөрі чемпиондық атақты ұстап тұру әлдеқайда қиын» деген. Осы тұрғыдан алғанда, басталған маусымда ел чемпионы – «Шахтерді» аса жауапты сы­нақ­тар күтіп тұр. Неге десеңіз, еліміздің өзге командалары «Шахтерге» келгенде, бар күшін салып, аянбай ойнайтын болады.

– Команда құрамындағы өзгерістерге тоқталсаңыз

– Негізінен, «Шахтердің» құрамында былтыр чемпион болған футболшылардың басым бөлігі өз орындарын сақтап қалды. Маусымның соңында команданың үздік ойыншысы Жамбыл Көкеев пен «Астана» клубы арасындағы келіссөздер біраз әңгімеге тамызық болғаны рас. Бірақ та, түптеп келгенде, бәрі де ойдағыдай шешіліп, футболшы «Шахтерге» қайта оралды. Сол сияқты, командадағы мықты қорғаушыларымыз Алдин Джидич пен Никола Василевич, жартылай қорғаушылар Гедиминас Вичюс, Андрей Порываев және басқалары алдағы уақытта «Шахтермен» бірге биіктерді бағындыруға ниет білдірді. Бұл, әрине, өте қуанышты және маңызы зор жәйт. Яғни, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал өз деңгейінде деп сеніммен айтуға болады.

 «Шахтер» сондай-ақ қазақстандық футболшылар – шабуылшы Станислав Лунин, қорғаушылар Михаил Габышев және Владислав Кузьминмен келісім-шартқа отырды.

– Биылғы жылы әр командаға жеті легионерден алуға рұқсат барОсыретте «Шахтердің» құрамында қанша легионер футболшы ойнайбастады.

– Алты легионер-ойыншымен келісім-шартқа отырған болатынбыз. Олар – бос­ния­­лықтар Алдин Джидич, Никола Василевич, Даниэль Майкич, литван Гедиминас Вичюс, серб Филип Ареснижевич және колумбия­­лық Роджер Каньяс. Биыл «Шах­тердің» УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсететіні белгілі. Ел футболының намысы сынға түсе­тін бұл мәртебелі жарыста команда құрамын шеберлігі жоғары ойыншылармен күшейтпе­се болмайды. Сондықтан да, бір легионерге деген орынды әзірге бос ұстап тұрмыз.

– Биылғы чемпионаттың өткізілу тәртібіне өзгерістер ендіОсыжөніндегі сіздің пікіріңізді білгіміз келеді

– Рас, былтырғы және оның алдындағы маусымдарда Премьер-лига командалары ара­сындағы Қазақстан чемпионаты 6+6 жүйе­сі бойынша өтті. Жалпы алғанда, бұл жүйенің өзіндік артықшылықтары, сондай-ақ кемшіліктері де болды. Артықшылығына келер болсақ, екі маусым бойы біздің чемпионаттағы тартыс мәреге жеткенше бір мысқал да кемімеді. Жанкүйер қауым ең ақырғы турға дейін кімнің чемпион, кімнің жүлдегер болатынын біле алмай, дал болды. Осының бәрі де чемпионатқа деген қызы­ғу­шылықты арттырғаны сөзсіз. Дегенмен, биылдан бастап классикалық жүйеге көшке­німіз дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп айтуға болады. Неге десеңіз, әлемдегі футбол державаларының бәрі дерлік ішкі чемпионаттарын осы жүйе бойынша өткізе­ді. Яғни, классикалық жүйе өзінің өміршең­дігін әлдеқашан дәлелдеген деп сеніммен айтуға болады. Мұнда барлық командаға бірдей мүмкіндік пен тең құқық беріледі.

– Легионер ойыншылардың саны бесеуден жетеуге көбейдіОсы жайында не айтасыз?

– Жалпы, шеттен мықты деген легионер футболшыларды шақыру – әлемдік үрдіс. Қа­­­­­­рыштап дамыған футбол көшіне ілесу үшін бұл дәстүрден біз де бас тарта алмаймыз. Легионер футболшының ең басты екі миссиясы болуы керек деп ойлаймын: оның бірі – команданың ойынын күшейту, екіншісі – өзінің кәсіби шеберлігімен жергілікті жас футболшыларға үлгі бола білу. Міне, осы екі мақсат орындалып жатса, біз легионерлерден пайда көрмесек, зиян шекпейміз. Тек, есте ұстайтын бір мәселе – шеттен келген шебер ойыншыға шашыла бермей, өзіміздің талапты да талантты жастарымызды ұмытпа­уы­мыз керек. Қазақтың футболын дамытамыз десек, осыны жадыда мықтап ұстаға­нымыз жөн!

– Былтырғы маусымда «Шахтердің» құрамында қандас бауырларымыздың молдау болғаны сүйсінтті. Сол үрдіс биыл жалғасын таба ма?

– Шынында, өткен жылғы маусымда біз­дің команда құрамында әрбір матчта төрт-бес қаракөз бауырларымыз өнер көрсетіп жүрді. Бұрын «Шахтердің» тарихында мұндай жәйт орын алмаған-тұғын. Оның үстіне, аталған ойыншылар аса жауапты матчтарда команданың болмысын танытып, ойын-өрнегін айқындады.

Бір қуаныштысы, осы футболшылардың барлығы дерлік биыл да «Шахтердің» жей­десін киіп, облыс футболының намысын қор­ғайтын болады. Бұлардан бөлек, коман­даның иелігінде шеберлігі шыңдалып, жылдан жылға өсіп келе жатқан бірнеше жас футболшы бар. Мысалы, шабуылшы Тоқтар Жанғылышбай, жартылай қорғаушы Жомарт Рысалин және тағы басқалар. Бұл футболшылар алдағы уақытта алаңға шығуға сақадай-сай тұруға тиіс жас таланттар.

Жалпы, футболда ұлттық мәселеге келгенде өте байсалды саясат ұстану керек. Дегенмен, мүмкіндігі болып жатса, бұл мәсе­леде тартынып қалу да жараспас. Бізге өзі­міздің кеудесі намысқа толы, дарынды жас­тар керек, алдағы уақытта оларды тәрбие­леп шығару біздің парызымыз болмақ.

Әңгімелескен Айқын НЕСІПБАЙ.

ҚАРАҒАНДЫ.