Құрамы 26 өнерпаздан тұратын «Волшебная страна» ұжымы бұл сапарға бару мүмкіндігіне Қарағанды қалалық әкімдігінің қолдауы арқасында ие болды.
Фестиваль барысында өнерлі жастарымыз Мерсин қаласының басты көшелерінде өткен шеруде Қазақстанның көк байрағын алып жүрді. Жалпы «Волшебная страна» ансамблі өнер мерекесі аясында қаладағы басты үш алаңда өткен концерттерге қатысты. Олар сахна төрінде қазақтың төрт биін шеберлікпен орындады.
Ұжым мүшелерінің өнері көрермен мен шетелдік мамандардың көңілінен шығып, олар келесі жылы Мексика, Болгария, Румыния және Түркияда өтетін халықаралық фестивальдерге шақыртулар алды.
Қайрат Әбілда,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды