Әдебиет • 29 Қараша, 2018

Берлинде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Германияның астанасы Берлин қаласында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Берлинде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

Іс шараны Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілігі мен Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы Қоры  ұйымдастырды. 

Жиынды Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нүсіпов Болат Тұрарұлы ашып берді. Сондай-ақ іс-шараға Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева Дәуренбекқызы арнайы қатысты.

Бүгінгі іс-шарада елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарында жасаған еңбегі жөнінде әңгімелер қозғалды. Президентіміздің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының неміс тіліндегі нұсқасының Берлинде таныстырылуы – тарихи дерек ретіндегі тарихи әрі құнды басылымның қазақ елінің мәртебесін айқындап бермек. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қатар елбасының «Ұлы даланаың жеті қыры» мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан басты міндеттердің бірі саналмақ.  «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туындының бірі болады деген сенімдеміз.

Іс-шараға қатысқан Германияның атақты журналист-саясаттанушысы Нага мырза  да кітап жөнінде өз ойын былайша білдірді:

- Кітап көп ақпараттарға толы. Қазақстан елінің барлық тәуелсіздік жылдарындағы өмірін баяндайды. Кітаптың әрбір бетін ашқан сайын жаңа бастамалардың айқын жазылғанын байқауға болады. Қазақстан елінің ұлттық және халықаралық деңгейде жұмыс жасағанын көреміз.  Кітаптың атауының өзі Елбасының дәуірі, яғни президент дәуірі, Назарбаев дәуірі дегенді айтып тұр,- деді ол.

Дәл осы кітап 2017 жылы жарыққа шыққан болатын. Тарихи публицистика жанрында жазылған кітап еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген нық сенімділік пен басқан қадамының айқын көрінісі. Халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы өмірі мен тарихы, егемендік жолында еңбек етіп жүрген президентіміздің жарқын істерін паш етеді.

Айта кетейік, осы іс-шара аясында елбасының неміс тіліне аударылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы да таныстырылды.