Өткізілген акция аясында жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Толқын» мал шаруашылығында үй жануарларының иелерімен кездесті және жарық шағылыстыру элементтерін пайдаланудың маңыздылығы туралы алдын-алу сұхбат өткізді.
Тексеру қорытындысы бойынша, жолдағы болатын жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі кешқұрым кезде үй жануарларының кесірінен, яғни жүргізуші кенеттен жолға шыққан жануарды көрмей қалуы себепті орын алатындығы анықталды.
- Жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану қазіргі таңда барлық жануарлардың иелері үшін өте маңызды болып отыр, олар жануарларды жиі қараусыз қалдырады. Мұндай элемент түнде жануарды алыстан жақсы байқауға мүмкіндік береді, деп атап өтті ЖПҚ бастығы полиция майоры М.Омаров.
Сондай-ақ, акция барысында жергілікті полиция аппаратының қызметкерлері жануарларын қараусыз қалдырған мал шаруашылығы иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартып, оларға жарық шағылыстырғыш элементін міндетті түрде қолдануды ұсынды.
Талапты орындамаған жағдайда мал шаруашылығы иелері төмендегідей Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сәйкес баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, науқан аясында жергілікті полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерімен алдын-ала әңгімелесу шараларын жүргізді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы