Іс-шара аясында басқарма қызметкерлерінің патриоттық сезімін көтеру мақсатында Мемлекеттік ту шығарылып, басқарма қызметкерлері Мемлекеттік Әнұранады орындады.
Мерекелік іс-шарада Ақтау қаласы ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Садақбаев ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың құттықтау жедел хатын оқып, әрі қарай мерекелік бұйрықтармен таныстырды.
Сондай-ақ Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері көрме ұйымдастырып, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы Ел Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру мақсатында «Ел бағына туған ер» атты тақырыпқа дәріс оқыды. Елбасы қызметіне арналған кітаптарды кітапхана қызметкері Ә.Досқалиева таныстырды. Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі студенттері туған ел, Отан, туған жер туралы өлендерін оқыса, Маңғыстау өнер колледжінің студенттері домбырамен күй тартып, жырдан шашу шашты.
Іс-шара соңында басқарманың кадр жұмысы бөлімі қызметкерлері дайындаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты хроникалық деректі фильмдер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы